Шымкент қаласындағы №50120 әскери бөлімінің әскери міндеттілермен өткізілген арнайы оқу-жаттығу жиындары аяқталды. 17–26 қыркүйек аралығында өткен он күндік арнайы тактикалық оқу-жаттығудың басты мақсаты — әскери міндеттілердің жауынгерлік қабілетін арттырып, Отан қорғауға деген жауапкершілікті күшейту.
Ресми жабылу салтанатында Шымкент қаласы аумақтық қорғаныс бригадасының командирі, полковник Бақытжан Әшімов тактикалық оқу-жаттығу жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, алға қойған мақсаттарға қол жеткізілгенін атап өтті.
Өз кезегінде әскери міндеттілер де әскери дайындықтың маңыздылығын түсінгенін, Отан қорғауға әрдайым дайын екендіктерін жеткізді.
Ақтас оқу полигонында 56 әскери міндетті жауынгерлік даярлықтарын — тактикалық сабақтар, атыс даярлығы және саптық дайындықтарын пысықтады. Бригада құрамына тек Шымкент қаласының тұрғындары тартылды.
Іс-шарада белсенділік танытып, көзге түскен бірқатар жауынгерлер арнайы марапатқа ие болды.
Оқу-жаттығу жиыны барысында әскери міндеттілердің тактикалық, атыс және саптық дайындықтарын жетілдіріп, оларды жоғары жауынгерлік әзірлік деңгейіне көтеруге бағытталған бірнеше шаралар ұйымдастырылды. Жаттығу бағдарламасында әскери мамандардың кәсіби дағдыларын шыңдай отырып, әртүрлі әскери жағдайларда дұрыс шешім қабылдау, топтық әрекет ету қабілеттері де ерекше назарға алынды. Әскери міндеттілер өздеріне берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындап, тәжірибе жинақтады.
Бұдан бөлек, оқу-жаттығу жиыны әскери тәртіп пен ұйымшылдықты, сондай-ақ жеке құрамның рухын нығайтуға ерекше көңіл бөлінді. Осылайша, жастар арасында әскери қызметке деген қызығушылықты арттырып, Отан алдындағы міндеттерін орындауға деген патриоттық сезімді тәрбиелеу мақсатында маңызды қадамдар жасалды. Жауынгерлердің жинақтаған тәжірибесі мен оқу-жаттығу барысында көрсеткен жоғары нәтижелері олардың болашақта әскери қызметке дайындықтарын айтарлықтай арттырды.
Comments