Әлеумет

ЕҢБЕК КҮНІ: ЖӘРМЕҢКЕДЕ 123 АДАМ ЖҰМЫСҚА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Арбат алаңында Жұмысшы мамандықтар жылы мен Еңбек күніне орай «Еңбек – елдің мұраты» атты өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Қала әкімінің орынбасары Берік Беркімбаев тұрғындарды атаулы күнмен құттықтап, «Еңбек жолы – 2025» конкурсы жеңімпаздарын марапаттады. Жәрмеңкеде 371 мекемеден 2285 тұрақты, 918 мекемеден 2118 уақытша жұмыс орны ал, солтүстік өңірлерден 6 039 бос жұмыс орны ұсынылды.
Сондай-ақ іс-шараға пробация есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, мүгедектігі бар және алимент берешегі бар азаматтар да қатысты.
Жалпы жәрмеңкеге 500-ге жуық адам келіп, 91-і тұрақты жұмысқа, 13 тұрғын субсидияланатын орынға, 11-і әлеуметтік осал топтар санатымен жұмысқа жолданды. 8 борышкерге жұмыс ұсынылды. Қоныс аудару бойынша 108 адамға кеңес берілді.
Қалған қатысушыларға кәсіптік оқыту, қайтарымсыз грант алу шарттары бойынша кеңес берілді.

Қазақстанда Еңбек күні 2013 жылдан бастап Мемлекет басшысының Жарлығымен ресми түрде аталып келеді. Бұл мерекенің басты мақсаты – еңбек адамының қоғамдағы беделін көтеру, жас ұрпақтың бойына адал еңбекке деген құрметті сіңіру.

Еңбек – елдің дамуының негізі, болашақтың кепілі. Сондықтан да жыл сайын қыркүйек айының соңғы жексенбісінде аталып өтетін бұл күн барша қазақстандықтарға ортақ құндылықтарды дәріптейтін мереке саналады.

Жәрмеңкеге қатысқан Шымкент қалалық кәсіподақтар орталығының төрағасы Алтеев еңбек озаттарына Алғыс хаттар табыстап, олардың табандылығы мен адал еңбегін жоғары бағалады. Ол өз сөзінде:

«Еңбек – адам өмірінің мәні. Қай салада болмасын, тер төгіп жүрген әр жұмысшы – қоғамның тірегі. Кәсіподақтардың міндеті – сол еңбек адамын қорғау, қолдау, еңбегін әділ бағалату», – деді.

Бұл марапаттар – тек қағаздағы алғыс емес, еңбектің қадірін арттыратын, ұрпаққа үлгі болатын маңызды қадам.

Жәрмеңке барысында жүздеген бос жұмыс орындары ұсынылды. Жұмыс іздеп жүрген азаматтар enbek.kz порталына тіркеліп, резюме толтыруды, заманауи еңбек нарығына бейімделуді үйренді.

Көптеген жастар үшін бұл – өз мамандығына сай алғашқы жұмыс орнын табуға, тәжірибе жинауға үлкен мүмкіндік болды. Ал жұмыс берушілер үшін кәсіби мамандармен тікелей кездесу алаңы болды.

ШЫМКЕНТТЕ БИЗНЕС-ҚАУЫМДАСТЫҚ ПЕН БАҚЫЛАУ-ҚАДАҒАЛАУ ОРГАНДАРЫ АШЫҚ ДИАЛОГ ОРНАТТЫ

Алдыңғы

ТҰРАН АУДАНЫНДА ЖАҢА МУРАЛДАР САЛЫНДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *