Денсаулық

ШЫМКЕНТ ДӘРІГЕРЛЕРІ ӘЛЕМНІҢ ОЗЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫНДА БІЛІКТІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДА

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық ұйымдардың 19 қызметкері Ресей Федерациясының алдыңғы қатарлы клиникалық базаларының бірі – Н.И. Пирогов атындағы Ресей ұлттық зерттеу медициналық университетінде кәсіби біліктілігін арттыруда.

Біліктілік арттыру бағдарламасы аясында мамандар «Неонаталды хирургия», «Балалар хирургиясы», «Балалар хирургиясындағы эндоскопиялық оталар» секілді маңызды тақырыптарды терең меңгерді. Бұл тәжірибе шымкенттік дәрігерлерге заманауи тәсілдерді игеріп, қала тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Жыл соңына дейін тағы 33 маман Литва және Беларусияның жетекші клиникалық базаларында оқытылады. Олар «Акушерліктегі шұғыл көмек», «Акушерлік-гинекология тәжірибесіндегі ультрадыбыстық диагностика», «Онкологиялық патологиядағы паллиативті көмек», «Торакалды хирургия» тақырыптары бойынша білім алады.

Айта кетейік, 2024 жылы да шетелдік клиникалық орталықтарда 46 маман кәсіби деңгейін көтерген болатын. Бұл жұмыстар медицина саласында халықаралық тәжірибені кеңінен енгізуге және білікті кадрлар қатарын нығайтуға септігін тигізуде.

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы алдағы уақытта да отандық медицина мамандарының үздік шетелдік орталықтарда тәжірибе алмасуын қамтамасыз етіп, қала тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруды жалғастыратын болады.

Шымкент қаласы үшін дәрігерлердің халықаралық деңгейде біліктілігін арттыру өте маңызды бағыт болып табылады. Бұл тәжірибелер тек кәсіби білімді жетілдіру ғана емес, сонымен қатар, өңірдегі денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға, сондай-ақ қала тұрғындарының денсаулығына тиімді қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Шымкенттік дәрігерлердің әлемнің озық медициналық орталықтарында тәжірибе алмасуы – бұл медицинаның барлық салаларында жаңа технологиялар мен әдіс-тәсілдерді енгізудің маңызды қадамы.

Келесі жылдары тағы да бірқатар мамандарды халықаралық клиникаларда оқыту жоспарланып отыр. Бұл шаралар Шымкенттің денсаулық сақтау саласында сапалы өзгерістер мен жаңашылдықтар енгізуге мүмкіндік беріп, еліміздегі медициналық мекемелер арасында бәсекелестікті арттыруға ықпал етеді. Халықаралық тәжірибе алу арқылы дәрігерлер жаңа заманауи емдеу әдістері мен инновациялық құрал-жабдықтарды игеріп, біліктілігін арттырып қана қоймай, науқастарға көрсетілетін қызметтің сапасын жаңа деңгейге көтереді.

 

СОЗАҚТЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ОБЛЫСТЫҚ «МАХАМБЕТ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ БОЛДЫ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ СУ РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *