Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырысқа кеңес мүшелері, тиісті мемлекеттік орган басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Жиынды Қоғамдық кеңес төрағасы Бұхарбай Рысқұлұлы Парманов жүргізді.

Күн тәртібіне сәйкес, Тұран ауданының атқарылған жұмыстары туралы аудан әкімінің орынбасары Асылжан Дәулетханұлы, құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігі мәселелері бойынша Полиция департаменті бастығының орынбасары Мылтықов Ұлықбек Тұрғұнұлы, Шымкент қаласындағы құрылыс нысандарының сапасы туралы басқарма басшысы Тәжібаев Олжас Пердебайұлы, Сәулет және қала құрылысы басқармасының атқарған жұмыстары туралы басқарма басшысының м.у.а Мұқанов Дәурен Маратұлы баяндамаларын жасады.

Тұран ауданында жалпы 21 шағын аудан, 39 357 үй, 544 көпқабатты тұрғын үй және 232,7 мың адам тұрады. Ауданда 1 229 көше мен 293 әлеуметтік нысан орналасқан. Көшелердің жалпы ұзындығы 570,4 шақырымды құрайды, оның ішінде 80,4%-ы асфальт жол. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2025 жылы 126 көшеге 76,4 шақырым асфальттау жоспарлануда, нәтижесінде асфальтталған көшелердің үлесі 96%-ға жетеді.

Шымкент қаласының қылмыстық ахуалы тұрақты. Қылмыс деңгейі 10 мың адамға шаққанда 48-ді құрап, республикадан төмен (61). Қоғамдық орындардағы қылмыстар 15,1%-ға, көшедегі қылмыстар 19,1%-ға төмендеген. Қасақана ауыр дене жарақаттарын салу, ұрлық, алаяқтық және қарақшылық сияқты қылмыстар да азайған. Алайда, түнгі уақытта жұмыс істейтін ойын-сауық орындары қылмыстардың орын алуына ықпал етіп отыр.

2025 жылы құрылыс басқармасы 142,4 млрд теңгеге 75 жобаны іске асыруды жоспарлап отыр, оның ішінде 53 нысан жыл соңына дейін тапсырылатын болады. Сонымен қатар, 2025 жылы 3 808 пәтерлі 61 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі. Ағымдағы жылы 57 тұрғын үйдің 190,7 мың шаршы метрін пайдалануға беру жоспарланған, сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал топтарына нарықтан 1429 пәтер сатып алу көзделген.

Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасы тұрғын үйлерді есепке алу, бюджет және I-komek индикаторлары бойынша тұрақты жұмыстарды жүзеге асырып жатыр. 2025 жылы қала аумағында 1 370 450 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілуі жоспарланған.

Баяндамашыларға кеңес мүшелері өз тараптарынан сұрақтар қойып, ұсыныстарын енгізіп, қоғамдық бақылауға алатындықтарын айтты.

 

​Ермек Кошербаев посетил социальные объекты Шымкента

Алдыңғы

ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУ МАҚСАТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *