Білім

ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ КҮНІ

Халқымыз қашанда адал еңбекті ардақтап, маңдай терімен елдің дамуына үлес қосқан жандарды құрмет тұтқан. Кеңес дәуірінде бастау алған Техникалық және кәсіптік білім күні бүгінде Тәуелсіз Қазақстанда жаңғыртылып, жаңа мазмұнға ие болды. Мемлекет басшысының бастамасымен 2 қазан – Техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлерінің күні ретінде белгіленуі – кәсіби мамандардың қоғамдағы орнының айқын дәлелі.
Бұл мереке – тек ұстаздар мен студенттердің ғана емес, өндірісте еңбек етіп жүрген әріптестердің де ортақ қуанышы. Өйткені ТжКББ жүйесінің басты құндылығы – адам еңбегі мен кәсібилік. Ұстаз – шәкіртін болашақ маман ретінде тәрбиелесе, студент – өз болашағын кәсіби жолмен қалыптастырады, ал өндіріс серіктестері – сол білім мен тәжірибенің өмірде жүзеге асуына мүмкіндік береді.
Жұмысшы мамандықтары – елдің өркендеуінің темірқазығы.
Бүгінгі заманауи қоғамда технология қарыштап дамыған сайын еңбек адамының маңызы арта түсуде. Өндірістен бастап ауыл шаруашылығына, ғылымнан бастап тұрмысқа дейінгі барлық салада кәсіби мамандардың қолтаңбасы жатыр. Сондықтан бұл күн – еңбекті дәріптейтін, мамандықтың мәртебесін көтеретін, кәсібилікті ұлықтайтын ерекше мереке.
Бүгінгі студент – ертеңгі Қазақстанның жаңа бет-бейнесін қалыптастыратын, елдің болашағына өз қолтаңбасын қалдыратын тұлға. Сол себепті, біздің міндетіміз – жас буынға сапалы білім беріп, еңбекке адалдық пен кәсіби шеберліктің үлгісін көрсету.
Б.Қордашбеков, Созақ ауданы №1 колледж директоры

СОЗАҚТА ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН САЛТАНАТПЕН ӨТТІ

Алдыңғы

ЦИФРОВАЯ ТРАНСФОРМАЦИЯ КАК ПРИОРИТЕТ СТРАТЕГИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *