Қоғам

Жолдаудағы міндеттер талқыланды

AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының ұйымдастыруымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын талқылауға арналған кеңейтілген отырыс өтті.

Жиынға партия филиалының төрағасы Мұрат Жолдыхожаев, қалалық партия филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ғани Ташқараев, атқарушы хатшының кеңесшісі Бегайдар Тулегенов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Берген Ержаппар, аудандық филиал төрағалары мен атқарушы хатшылары, мәслихат депутаттары, партия жанындағы кеңестер мен комиссия мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, белсенді партия мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Отырыстың негізгі мақсаты Президент Жолдауындағы басымдықтарды талқылап, оны қоғам арасында кеңінен насихаттауға арналды. Партия филиалының төрағасы Мұрат Жолдыхожаев өз сөзінде партия Президенттің қоғамдық тірегі ретінде Жолдауды ауқымды реформалардың лайықты жалғасы деп санайтынын жеткізді. Бұл құжат еліміздің даму жолындағы нақты әрі жүйелі жұмыстың негізгі бағдары болмақ. «Біздің міндетіміз Жолдауда айқындалған тапсырмаларды тиімді жүзеге асырып, халық игілігіне жеткізу болуға тиіс», – деді ол.

Жиын барысында партия мүшелері елдің өркендеуі тек мемлекет басшысының немесе партияның ғана емес, баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз екенін жеткізді. Жасанды интеллект дәуірінде бізге білімді, білікті, жауапты азаматтар қажет. Жұмысшы мамандар жылы еңбек адамының мәртебесін көтеру ғана емес, ұлттық экономиканың берік іргетасын қалау бағытындағы стратегиялық қадамға айналу керектігі баса айтылды.

Сондай-ақ кеңеске қатысушылар Президенттің стратегиялық бастамаларына да тоқталды. Жолдау – еліміздің тұрақты дамуына арналған ұзақмерзімді стратегиялық жоспар. Ал Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің құрылуы бүкіл қоғамға жасалған үндеу. Үш жыл ішінде Қазақстанның толыққанды цифрлық мемлекетке айналуы жаңа дәуірге қадам басқанымыздың айғағы бола алады. Сонымен бірге әділетті қоғам құрудағы жауапкершілікке тоқталған партия жетекшілері мемлекетшілдігімізді, отансүйгіштігімізді сөзбен емес, іспен дәлелдеудің маңызын айрықша атап өтті. Сонда ғана әділетті қоғам құруға үлес қосу мүмкін болмақ.

«Paryz» конфедерациясының жетекшілері Шымкент қаласының кәсіпкерлерімен кездесті

Алдыңғы

ШЫМКЕНТ: КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *