Әлеумет

ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ МЫҢДАҒАН ЖАНҰЯҒА ДЕМЕУ БОЛУДА

Бұған дейін де хабарлағанымыздай, Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Отбасын қолдау орталығы» КММ биылғы жылдан бастап FSM Social ақпараттық жүйесі арқылы жұмыс істей бастады. Жаңа жүйенің басты артықшылығы – дағдарысқа ұшыраған отбасылардың мәселелеріне жылдам ден қою және оларға дер кезінде қолдау көрсету.

Осы мақсатта денсаулық сақтау, білім, ішкі істер және пробация қызметкерлерінен мобильді топ құрылып, оларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мобильді топқа 200-ден астам маман мүше болды. Сонымен қатар, министрлік тарапынан 552 маман арнайы оқытудан өтті. Қазіргі таңда FSM Social жүйесінде 242 мемлекеттік мекемеден 1 310 қолданушы тіркеліп, жұмыс істеуде.

Жоба іске қосылғалы бері 8 айдың ішінде орталықта 6 917 отбасына 10 501 қызмет түрі көрсетілді. Оның ішінде 2 304 отбасы FSM Social жүйесі арқылы тіркелсе, өмірлік қиын жағдайға тап болған 455 отбасы туралы хабарлама мемлекеттік мекемелерден келіп түскен.

Жалпы жүйеде тіркелген азаматтар туралы 2 220 дерек бар. Оның ішінде 1 849 отбасы орталыққа келіп, әлеуметтік кеңес алса, 455 отбасы мемлекеттік мекемелерге «FSM Social» жүйесі арқылы хабарласқан. Бүгінгі таңда олардың 203-іне тиісті көмек көрсетілсе, 152-нің мәселесі қаралу үстінде.

Міне, көріп отырғанымыздай, жаңа жүйе отбасындағы дағдарысты дер кезінде анықтап, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, аналар мен балалар құқығын қорғауға мүмкіндік береді. Алайда, мұндай күрделі мәселелерді толық шешу үшін жүйенің мүмкіндіктерін одан әрі кеңейтіп, мамандардың біліктілігін арттыру да өте маңызды. Сонда ғана жүйе нағыз нәтижеге қол жеткізіп, отбасы қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ете алады.

Шымкент қаласындағы «Отбасын қолдау орталығы» тек материалдық көмек көрсету ғана емес, азаматтардың әлеуметтік және психологиялық жағдайына да көңіл бөледі. Жыл басынан бері орталық 460 адамға кәсіби психологпен жеке терапиялық кездесулер өткізді, сондай-ақ 213 азаматқа заңды және әлеуметтік кеңестер берілді. Орталықтың ұйымдастыруымен 1 380 ана түрлі іс-шараларға қатысып, 27 ана мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алды. Сонымен қатар, орталық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларына да белсенді атсалысып, 356 адамды қамтыды.

Көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен аналарға арналған кәсіптік оқыту курстары да ұйымдастырылып, 861 ана жаңа дағдылар меңгеріп, 197-і курсты сәтті аяқтады. Орталықтың жұмысын нығайту үшін жаңа FSM Social ақпараттық жүйесі іске қосылды, бұл отбасы мәселелеріне дер кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

 

Шымкентте «Ашық есік күні» аурудың алдын алуға мүмкіндік берді

Алдыңғы

Голливуд сарапшылары мен қазақстандық кинематографистер Шымкентте кездесті

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *