Спорт

ЖЕҢІМПАЗ ЖӘНЕ ЖҮЛДЕГЕР СПОРТШЫЛАРДЫ ҚОШЕМЕТПЕН КҮТІП АЛДЫ

Қытайдың Шаогуань қаласында каратэден жастар және жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды күтіп алу рәсімі өтті. Іс-шараға Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Ермек Дәрменов, спорт мектебі басшылары мен жаттықтырушылар, спортшылардың ата-аналары қатысты.

3 — 9 қыркүйек күндері өткен бәсекеде шымкенттік спортшылар жарқын жеңіске жетті. Жасөспірімдер арасында Балнұр Құрбанәлі 61 келі салмақта І орынды жеңіп алса, 54 келіде Айша Ұнталап ІІІ орынға табан тіреді.

Жастар арасында 61 келіде Айжан Бәкірова ІІ орын, 68 келіде Лаура Сағынбек ІІІ орынға ие болды.

Ермек Аманжолұлы жасөспірім спортшыларды жеңісімен құттықтап, алдағы жауапты бәсекелерде де жоғары орындардан көрінуіне сенім білдірді.

Каратэден Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы Қажымұқан Шаттық жас дарындардың бұл нәтижемен тоқтап қалмай, одан әрі де тыңғылықты дайындық жүргізетінін жеткізді.

Шымкент қаласында каратэден жеңісті дәстүр бар. Дархан Асаділов пен Софья Берульцева Олимпиада ойындары және әлем чемпионаттарында жүлдегерлер қатарынан көрінді. Азия ойындары мен құрлық чемпионаттарының жеңімпаздары да жетерлік. Мінекей, олардың ізін жалғайтын жасөспірімдер де оң нәтижелерге қол жеткізуде.

Мұндай жетістіктер – тек жеке дарын емес, сонымен қатар жаттықтырушы еңбегі мен спорт инфрақұрылымының даму көрсеткіші. Келешекте бұл спортшыларды әлемдік ареналардан көреміз деген сенім бар. Ең бастысы – жүйелі қолдау, тәртіп және еңбек.

⠀Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасын, жаттықтырушылар құрамын және ата-аналарды құттықтай отырып, спортшыларымызға алдағы халықаралық жарыстарда сәттілік тілейміз!

 

Мемлекет басшысы: «Жасанды интеллектімен жұмыс істеу құзіретін қалыптастыру мектеп қабырғасынан қолға алынуға тиіс»

Алдыңғы

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАП, АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАРДЫ БАҚЫЛАП ШЫҚТЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *