Әлеумет

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ӘДІЛ КӨМЕК ТЕТІКТЕРІ

Президент атап өткендей, әлеуметтік көмек шын мәнінде мұқтаж адамдарға ғана бағытталуы тиіс. Бұл бағытта Шымкент қаласында атаулы әлеуметтік көмек жүйесі жетілдіріліп келеді. 2025 жылы осы мақсатқа 7,5 млрд теңге бөлініп, 4 684 отбасы (24 628 адам) қолдау алды. 1 жастан 6 жасқа дейінгі 4 242 балаға қосымша төлем жасалды. Қолдау алушылардың саны 2024 жылмен салыстырғанда 40%-ға азайып, халық табысының артуын көрсетті.
Маңыздысы – әлеуметтік көмекті алушылардың саны 2024 жылмен салыстырғанда 40 пайызға азайды. Бұл көрсеткіш қала халқының табысы артып келе жатқанын, көптеген отбасылардың өз жағдайын жақсартып, мемлекеттік жәрдемақыға тәуелділігінің азайғанын көрсетеді. Яғни, әлеуметтік көмек тек шын мәнінде қажеттілікті сезінгендерге бағытталып, әділдік қағидаты жүзеге асып жатыр.
Сондай-ақ, цифрландыру тетіктері белсенді енгізілуде. «FSM Social» атты арнайы мобильді қосымша арқылы тұрғындар өтініштерін онлайн форматта бере алады. Бұл тәсіл азаматтардың уақытын үнемдеп қана қоймай, қағазбастылықты азайтты, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге де ықпал етті. Себебі өтініш беру, қарау және шешім қабылдау процесі ашық әрі цифрлы жүйеге негізделген.
Әлеуметтік қолдау саласындағы тағы бір жаңа бастама – әлеуметтік жағдайды бағалаудың баллдық үлгісін енгізу. Аталған әдіс Шымкент қаласы мен Қарағанды облысында пилоттық жоба ретінде қолға алынды. Жаңа жүйе 23 түрлі критерий бойынша азаматтардың әлеуметтік жағдайын бағалауға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде көмек шын мәнінде табысы төмен, әл-ауқаты нашар отбасыларға ғана беріледі. Бұл әлеуметтік әділдікті арттырып қана қоймай, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына да жол ашады.
Шымкент қаласында әлеуметтік қолдау жүйесі жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Қаржылай көмекпен қатар цифрландыру, әділ бағалау және ашықтық қағидаттары енгізілуде. Мұның бәрі Президент тапсырмаларына сәйкес әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыруға, мұқтаж азаматтарға дер кезінде көмек көрсетуге бағытталғанын дәлелдейді.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА БАСТАМАЛАР

Алдыңғы

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ЕҢБЕК НАРЫҒЫН ДАМЫТУ ШАРАЛАРЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *