Қоғам

Достық үйіндегі басқосу: Конституцияның қоғамдағы рөлі талқыланды

Шымкент қалалық «Достық» үйінде «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық өкілдігінің бастамасымен және қалалық ішкі саясат басқармасының қолдауымен, 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Ата Заң – Тәуелсіздіктің кепілі» атты мазмұнды дөңгелек үстел отырысы өтті.

Бұл іс-шараның басты мақсаты – жастарға еліміздің Ата Заңының тарихи маңызы мен құқықтық негіздерін тереңірек түсіндіру, сондай-ақ қоғамдағы заң үстемдігі мен әділдік қағидаларын дәріптеу болды. Шараға түрлі этнос өкілдері, жоғары оқу орындарының студенттері, белсенді жастар, қоғам белсенділері, сала мамандары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жиын барысында Қазақстан Конституциясының мемлекет үшін маңызы, оның тарихи қалыптасу жолы мен негізгі қағидаттары кеңінен талқыланды. Спикерлер Ата Заңның тек заңдар жиынтығы ғана емес, қоғам мен билік арасындағы өзара сенімді реттейтін, ел ішіндегі тұрақтылық пен татулықты қамтамасыз ететін негізгі құжат екенін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, дөңгелек үстелде сөйлеген сарапшылар мен қатысушылар Конституцияның Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы рөліне тоқталып, оның ел болашағы үшін маңызды темірқазық құндылық екенін айтты. Ата Заң – Тәуелсіздігімізді нығайтып қана қоймай, әрбір азаматтың құқығы мен еркіндігін қорғауға бағытталған, демократиялық дамуға жол ашатын мызғымас негіз екені жастарға терең түсіндірілді.

Іс-шара барысында қатысушылар Ата Заңға қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салып, өзара пікір алмасты. Олар Конституция күнін тек мемлекеттік мейрам ретінде емес, азаматтық жауапкершілікті арттыратын, құқықтық мәдениетті қалыптастыратын маңызды күн ретінде қабылдау қажет екенін жеткізді.

Бұл дөңгелек үстелдің жастар үшін маңызы өте зор, себебі Конституцияның рөлі мен оның еліміздің тәуелсіздігіне қосқан үлесін тереңірек түсіну – болашақ ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру үшін аса маңызды. Жастардың Ата Заңды құрметтеу мен оның мәнін түсінуі, олардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға септігін тигізетіні сөзсіз. Әсіресе, Конституцияның тек заңдық құжат қана емес, ел ішіндегі тұрақтылық пен татулықтың кепілі екені маңызды аспект болып табылады. Бұл жастарға қоғамдағы әділдік, заң үстемдігі және ұлттық бірлік принциптерін түсіндіруге бағытталған тамаша қадам.

 

Шымкентте тұрғындарға жаңа әлеуметтік қолдау жүйесі таныстырылды

Алдыңғы

В Шымкенте отметили 30-летие Конституции торжественным мероприятием

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *