Әлеумет

Зейнеткерлерге отбасылардың әл-ауқатын бағалаудың жаңа жүйесі таныстырылды

Абай ауданы тұрғындары мен шипажайда ем қабылдап жатқан зейнеткерлердің қатысуымен «Ізетті зейнеткер» мекемесінде «Әлеуметтік қолдау шараларын тағайындауда отбасылардың әл-ауқатын анықтаудың скорингтік моделін енгізу» тақырыбында жиын өтті.

Іс-шараға Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы және «Отбасы банк» өкілдері қатысып, жаңа жобаның мән-жайын түсіндірді. Мамандар мемлекеттік қолдау түрлері туралы жан-жақты ақпарат беріп, цифрлық жүйенің артықшылықтарын атап өтті.

Жиын барысында пилоттық жобаның заманауи цифрлық платформа негізінде жүзеге асырылып жатқаны айтылды. Жоба білім беру, әлеуметтік қорғау, тұрғын үй және спорт салаларындағы мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Скорингтік модель бойынша отбасылардың әл-ауқат деңгейі 23 әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш негізінде бағаланып, 6 санатқа бөлінеді. Арнайы цифрлық карта арқылы қажетті қолдау түрлері автоматты түрде тағайындалады.

Мемлекеттік жәрдемақылар бұрынғы тәртіппен сақталады. Ал қосымша көмектер – тегін тамақтану, жатақхана, санаторлық ем алу, тұрғын үй көмегі сияқты қызметтер жергілікті бюджет есебінен мұқтаж азаматтарға көрсетіледі. Бағалау барысында табыс, мүлік, көлік, несиелер, денсаулық жағдайы, мүгедектік, білім деңгейі және бейресми табыс ескеріледі.

Айта кетерлігі, скорингтік модель республикалық бюджеттен төленетін 41 мемлекеттік жәрдемақыға әсер етпейді – олар бұрынғыдай өзгеріссіз беріледі.

Жиын соңында қатысушылар мамандарға сұрақ қойып, нақты әрі толық жауаптар алды.

Бұл жаңа жүйе әлеуметтік қолдау шараларын әділ әрі тиімді бөлуге мүмкіндік береді. Скорингтік модельдің енгізілуі арқылы әрбір отбасының әл-ауқаты нақты әрі кешенді бағаланып, әлеуметтік көмектер дәл қажетті адамдарға бағытталады. Цифрлық карта арқылы қажетті қолдау түрлерінің автоматты түрде тағайындалуы азаматтарға уақытты үнемдеуге және процедураларды жеңілдетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл жүйе мұқтаж отбасыларға әлеуметтік қызметтердің жылдам әрі тең қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Жұмыссыз тұрғындар жұмыс берушілермен кездесті

Алдыңғы

Халықпен ашық кездесу өтті

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *