Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына орай, еліміз бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтарында #ATAZAN_AZAMAT_KZ республикалық челленджі бастау алды. Шымкент қаласындағы барлық ХҚКО-ларда челлендж салтанатты түрде өтуде. Бұл күні 16 жасқа толған жас азаматтар алғашқы куәліктері мен естелік сыйлықтары салтанатты түрде табысталды. Елдің басты мерекелерінің бірі қарсаңында алғаш рет жеке куәліктерін алған жас азаматтар үшін бұл күн — жаңа белестер мен үлкен мүмкіндіктерге жол ашатын ерекше сәт. Мұндай шаралар жастардың бойында патриоттық сезімді, елге қымет етуге деген құлшынысты оятады. Аталмыш республикалық челлендж 29 тамызға дейін жалғасып, қаладағы барлық ХҚКО-ларды қамтиды. Іс-шара азаматтардың патриоттық сезімдерін нығайтуға, мемлекеттік рәміздер мен заңдарға құрметпен қарауды тәрбиелеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында қоғамда жағымды көңіл-күй қалыптастыруға бағытталған.
Бұл челлендж жас азаматтар үшін ерекше маңызға ие, өйткені олар үшін өздерінің алғашқы жеке куәліктерін алу — мемлекет алдындағы жауапкершіліктің, сондай-ақ, қоғамда өз орнын табудың маңызды қадамы болып табылады. Осы күннің мәні жастарды елге деген патриоттық сезімге баулып, олардың өз құқықтары мен міндеттерін түсініп, ата Заңымызды құрметтеуге тәрбиелейді. Әсіресе, Конституцияның 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған бұл шара Қазақстанның болашағына үлес қосатын жас ұрпақтың бойында азаматтық парызды оятады.
Челленджтің жастар арасында танымал болуына да септігін тигізетін факторлардың бірі — мемлекет тарапынан жасалған осындай қолдау шараларының жастарды ынталандырып, оларға өз еліне деген жауапкершілікті сезіндіруі. Әрбір жас азамат үшін өздерінің құқықтары мен бостандықтарын білу, оларды қорғау, заңды құрметтеу – бұл біздің ортақ құндылықтарымызды, мемлекеттің тұрақтылығын нығайтудың негізі болып табылады. Осылайша, жастардың бойында елге деген құрмет, патриоттық сезімдер арта түседі, бұл өз кезегінде қоғамның бірлігін қамтамасыз етеді.
Comments