Жаңалықтар

ОҚУ ЖЫЛЫ ҚАРСАҢЫНДА МЕКТЕП МАҢЫНДАҒЫ ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Бүгін, Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласының Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі – Жүзжасаров Асқар Тұрдалыұлы төмендегідей мәлімдеме жасады
Жаңа оқу жылы қарсаңында Шымкент қаласында жасөспірімдердің жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар атқарылуда. Полиция департаментінің бастамасымен қаладағы барлық мектептер, мектепке дейінгі ұйымдар мен балабақша алдындағы жолдар зерделеніп, жол қозғалысының қауіпсіздігі тексерілді.
162 мемлекеттік мектептің алдындағы жаяу жүргінші өткелдеріндегі жолақтар мен жол таңбаларының жағдайы қаралып, тиісті жол белгілері мен техникалық құралдардың түгелдігіне ерекше назар аударылды. Биылғы жылы қолданысқа берілген жаңа мектептердің маңындағы жол инфрақұрылымы да бақылаудан өтті. Әсіресе жаяу жүргінші өткелдерінің алдында орнатылуы тиіс негізгі жол белгілері бойынша (5.16.1, 5.16.2 – жаяу жүргіншілер өткелі, 1.21 – балалар, 3.24 – жылдамдықты шектеу, 1.16.1 – жасанды бұдырлық) Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына нақты нұсқамалар берілді.
Қазіргі таңда бұл нұсқамалардың негізінде мектептердің алдындағы жаяу жүргінші жолақтары толықтай жаңартылып, жол белгілерін жауып қалған ағаш бұталарын кесу жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен Жайлы ортаны дамыту басқармасы тарапынан күнделікті жүзеге асырылып келеді.
Сонымен қатар, оқу жылы басталған күннен бастап барлық мектептердің алдарында, оқушылардың жолдан өту қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері бұрынғыдай ерекше қырағылықпен және күшейтілген тәртіппен жұмыс атқара береді.
Полиция қызметкерлерінің мектептер алдында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуі оқушылардың жолдан өту кезінде қатерлерден қорғауға қосымша кепілдік береді. Бұл жұмыстардың тиімділігі оқу жылы бойы байқалып, балалар мен олардың ата-аналарының қауіпсіздігіне деген сенімділікті арттырады. Сонымен қатар, бұл бастамалар қала тұрғындарына да жол қауіпсіздігіне қатысты жауапкершілік пен тәртіптің маңыздылығын көрсетеді. Шымкенттің жол инфрақұрылымын жақсарту бағытында атқарылған жұмыстар тек оқушыларға ғана емес, бүкіл қала халқының қауіпсіздігіне оң әсер ететіні сөзсіз.

​В Шымкенте ко Дню Конституции предусмотрена единовременная социальная помощь детям

Алдыңғы

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЛАДАҒЫ МЕКТЕПТЕР МАҢЫНДА ПОЛИЦИЯ БАҚЫЛАУЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *