Экономика

ШЫМКЕНТТЕ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ САНЫ 140 МЫҢҒА ЖУЫҚТАДЫ

Биылғы жылдың қаңтар-сәуір айларында шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,3% — ға өскен. Өндірілген өнім көлемі бойынша осы кезеңде 865,5 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 23,9% — ға артқан. Жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 57,5% — ға жетті.

Сонымен, қатар бүгінде қаламызда шағын өнеркәсіп аймақтарды салу бағдарламасы шеңберінде 3 жоба іске асырылуда. Жоспарға сәйкес 150-ден астам шағын кәсіпорын ашылып, 500 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Қаланың өндірістік әлеуетін арттыру мақсатында қолданыстағы 5 өндірістік алаңға («Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы, «Оңтүстік» индустриялық аймағы, «Тассай» индустриялық аймағы, «Сауда-логистикалық орталығы» индустриялық аймағы, «Ордабасы» жекеше индустриялық аймағы) қосымша 438 га аумақта «Жұлдыз» және «Бозарық» индустриялық аймақтары қосылып, қалада жалпы 7 өндірістік алаң жұмыс істеуде.

2025-2030 жылдар аралығында қала аумағында жүзеге асырылатын инвестициялық құны 4,9 трлн теңгені құрайтын 26 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрумен 212 жобаның пулы жасақталды.

Жобалар тек жергілікті емес, сонымен қатар шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылады. Ірілеріне тоқтала өтсек, түрік капиталының қатысуымен «Alsera KZ» және «Fabe Agro» компаниялары заманауи жылыжай кешенінің құрылысы, алкилат пен полипропилен өндіретін отандық «Intertrans» ЖШС, қытайлық «Shaanxi Construction» компаниясы бу-газ қондырғысының құрылысы жобасы.

Шағын және орта бизнес субъектілерінің санының артуы, сондай-ақ өндіріс көлемінің өсімі қаланың кәсіпкерлік экожүйесінің нығайып келе жатқанын көрсетеді. Шағын өнеркәсіп аймақтарын салу бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан жобалар кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер ұсынып, олардың бизнесті дамытуына қолайлы жағдай жасайды. Мұндай жобалардың жүзеге асуы, әсіресе, жастар мен жаңадан кәсіп ашуды жоспарлап жүрген азаматтар үшін маңызды болып табылады.

Шымкентте жүзеге асырылып жатқан бұл жобалар тек жергілікті экономиканы жақсартып қана қоймай, шетелдік инвесторлар мен халықаралық компаниялардың назарын да өзіне аударады. Түрік және қытай капиталының қатысуымен іске асырылатын жобалар қала экономикасына жаңа технологияларды енгізіп, өндіріс сапасын арттыруға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде қала тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға және Шымкенттің инвестициялық тартымдылығын арттыруға оң әсер етпек.

 

 

В Шымкенте состоялся круглый стол «Ата заң – опора независимости»

Алдыңғы

ЫНТЫМАҚ ПЕН ӨЗАРА ҚҰРМЕТ – ҚОҒАМНЫҢ ТІРЕГІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *