Жаңалықтар

“МЕКТЕПКЕ ЖОЛ” АКЦИЯСЫ: 500 БАЛАҒА МЕКТЕПКЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛДАР ТАБЫСТАЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласындағы орталық мешіт пен қалалық «Зекет» қорының ұйытқы болуымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізілді. Қайырымдылық іс-шара барысында қаланың бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы сөз сөйлеп, көмекке зәру 500 оқушыға мекепке қажетті құралдарын табыс етті.

Қайырымдылық акцияның негізгі мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептермен мектептен қалып қоятын балаларға көмек көрсету. Акция барысында балалар мектеп формасы мен сөмке, дәптер, қалам, т.б. заттармен қамтылды.

Осы орайда, бір айға созылған «Мектепке жол» қайырымдылық іс-шарасы қала деңгейінде жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айта кеткен жөн. ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің мәліметінше, іс-шараның қорытындысы бойынша қала көлемінде 3600 отбасыға құны 7 805 100 (жеті миллион сегіз жүз бес мың бір жүз) теңге көлемінде көмек көрсетіледі.

Бұл қайырымдылық акциясының маңызды әлеуметтік мәні зор. Жаңа оқу жылына дайындалу әрбір баланың болашағына маңызды қадам болып табылады, ал көмекке мұқтаж отбасылар үшін бұл сәтте қол ұшын созу балалардың білім алуға деген мүмкіндіктерін кеңейтеді. Мұндай шаралар тек білім беру саласында ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы ынтымақтастық пен бірлікті нығайтуға да үлкен әсер етеді. Қайырымдылықпен айналысатын ұйымдар мен тұлғалардың өзара үйлесімді жұмысы қоғамдағы теңсіздікті жоюға үлес қосып, әр баланың сапалы білім алуына жағдай жасайды.

Бұл акцияны ұйымдастырушы тараптардың қажырлы еңбегі мен тұрғындардың атсалысуы қаладағы әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары деңгейін көрсетеді. Жаңа оқу жылына дайындалу барысында көмек алған балалар мен олардың отбасыларының болашаққа деген сенімі мен үміті артып, осындай қайырымды іс-шаралардың ауқымын ұлғайту керек екендігі айқын.

Сонымен қатар, мұндай қайырымдылық акциялары қоғамның бірлігі мен ынтымақтастығын нығайтуға мүмкіндік береді. Балаларға көмек көрсету арқылы біз тек білім алуға қажетті құралдармен қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың болашақта үлкен жетістіктерге жетуіне жол ашамыз. Бұл акциялардың нәтижесінде көпбалалы және аз қамтылған отбасылар да өз балаларының білім алуына қолайлы жағдай жасай алады, ал қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік деңгейі төмендейді.

 

ШЫМКЕНТТЕ КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ БІР РЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТӨЛЕНУДЕ

Алдыңғы

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ШЫМКЕНТТЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК НЫСАНДАРМЕН ТАНЫСТЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *