Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының ұжымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын бірлесе отырып, үлкен ықыласпен тыңдады. Бұл Жолдау – еліміздің экономикалық, әлеуметтік, және технологиялық дамуындағы маңызды кезеңді белгілейтін, болашаққа бағытталған және заман талабына сай нақты мақсаттар мен міндеттерді айқындайтын құжат. Қазіргі цифрлық қоғамдағы әрбір қадамның мәні мен маңызы ерекше екендігі анық көрсетілген. Жолдауда жасанды интеллекттің қолданылуы мен цифрлық технологиялардың дамуына қатысты нақты қадамдар мен бастамалар ұсынылды.
Бұл жаңа міндеттер мен бастамалар – тек елдің экономикалық және технологиялық дамуын қамтамасыз ету ғана емес, сондай-ақ, қоғамдағы цифрлық теңсіздікті жою және әрбір азаматтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қоғамдық бастамалар болып табылады. Мемлекетіміздің цифрлық трансформациясы мен жаңа цифрлық шешімдердің енгізілуі тек қана мемлекеттік органдардың жұмысына емес, әрбір азаматтың да жауапкершілігіне тиесілі болмақ. Әсіресе, полиция саласындағы жұмыстарда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект жүйелерін пайдалану қылмысқа қарсы күресте тиімділікті арттырып, қоғамдық қауіпсіздік пен құқық қорғау жүйесін жаңғыртуда маңызды рөл атқарады.
Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының ұжымы бұл Жолдаудан туындаған міндеттер мен ұсыныстарды өз жұмысында тиімді пайдалануды және цифрлық шешімдерді енгізу арқылы қызмет көрсету сапасын одан әрі жоғарылатуды, инновациялық технологияларды енгізу арқылы тұрғындардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауды басты мақсат етіп отыр. Осыған орай, полиция қызметкерлері үшін цифрлық сауаттылық пен жаңа технологияларды пайдалану маңызды дағдыларға айналмақ.
Жолдаудағы басты ұстаным – технологиялық даму мен инновациялар арқылы қоғамды жаңғырту мен жаңа дәуірдің талаптарына сай өзгерістер жасау. Бұл өзгерістер еліміздің болашақтағы табысты әрі тұрақты дамуы үшін негіз қалауға бағытталған нақты қадамдар болып табылады.
Comments