Шымкент қаласының Қоғамдық тәртіпті сақтау басқармасы Әл-Фараби аудандық полиция бөлімшесі ескертеді: Интернет-алаяқтықтың құрбаны болмау үшін қырағы болу аса маңызды. Бүгінгі таңда онлайн сауда-саттық, әлеуметтік желілерде белсенді қатысу және мобильді банкингтің кеңінен таралуы алаяқтардың түрлі алдау әдістерін қолдануына жол ашуда. Бұл қауіптілік әсіресе электронды алаяқтықтың өте кең тараған уақытында, адамдардың жеке ақпараттарын ұрлау мақсатында әртүрлі күрделі әдістерді қолданатын алаяқтардан сақ болуымыз керек.
Интернет-алаяқтықтан сақтанудың негізгі жолдары мен ережелері:
- Жеке деректеріңізді ешкімге бермеңіз – Өзінің жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН), банк картасының нөмірін, CVV-кодын және басқа да құпиясөздерді ешқашан ашық көрсетпеңіз. Бұл ақпараттар алаяқтарға сіздің есепшоттарыңызға рұқсат алуға мүмкіндік береді.
- Күдікті сілтемелерден аулақ болыңыз – Хабарламаларда (SMS, WhatsApp, Telegram) немесе интернеттегі күмәнді сайттарда тұрған белгісіз сілтемелерге өтпеңіз. Бұл сілтемелер көбіне фишинг арқылы жеке деректеріңізді алуға бағытталған.
- Тек ресми қосымшаларды қолдануды әдетке айналдырыңыз – Барлық банктік операцияларды тек банктің ресми мобильді қосымшасы мен сайтында ғана жасаңыз. Ресми емес қосымшалардан аулақ болыңыз.
- Жалған жеңілдіктерден сақ болыңыз – «Арзан баға» немесе «сыйлық ұтып алдыңыз» деген түрлі ұсыныстардың көпшілігі алаяқтық әрекеттердің бір бөлігі екенін есте сақтаңыз. Бұл хабарламалар көбіне құпия деректерді жинап алу үшін пайдаланылады.
- Құпиясөздерді күрделі етіп жасаңыз – Әрбір аккаунтыңыз үшін әртүрлі әрі құпиясөздерді пайдаланыңыз. Жеңіл болмауы үшін оларды күрделі етіп қойыңыз. Ұрылар үшін қарапайым құпиясөздерді оңай болжайтын болады.
- Екі факторлы аутентификацияны қосыңыз – Қауіпсіздікті арттыру үшін телефонға SMS арқылы немесе арнайы қосымша арқылы растау кодын қосып алыңыз. Бұл қосымша қауіпсіздік шарасы сіздің жеке деректеріңіздің қорғалуын қамтамасыз етеді.
- Бейтаныс адамдарға сенбеңіз – Әлеуметтік желіде таныс емес адамдардан келген «көмек қажет» немесе «ақша аудару» деген өтініштерге сеніп қалмаңыз. Жалған қажеттілік туындап, сіздің ақшаңызды алдап алу мақсатында жасалуы мүмкін.
Егер күдікті немесе алаяқтық әрекеттермен байланысты жағдайға тап болсаңыз, дереу банкке немесе полицияға хабарласу өте маңызды. Бұл сіздің деректеріңіздің қауіпсіздігі мен жеке құқықтарыңызды қорғауға көмектеседі.
Comments