Қоғам

Колледж студенттерімен кездесу өтті

 Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Кентау колледжінде» құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Құқықбұзушылыққа — жол жоқ!» тақырыбында колледж студенттерімен кездесу өтті. Кездесуге қалалық ҚХА жанындағы ақсақалдар кеңесінің мүшесі А. Сахов, Кентау қалалық “Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің заңгер маманы Б. Шакиров, Кентау қалалық “Руханият” орталығы КММ-нің теолог маманы Ұ. Құлтай және колледж студенттері қатысты.

Іс-шараның мақсаты жастардың заңдық білімдерін тереңдету, этносаралық татулықты нығайту, құқықтық тәртіпті сақтау және қоғамдағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша түсініктерін қалыптастыру болды. Сонымен қатар, қазіргі қоғамда өзекті мәселелерге айналған жалған ақпарат пен бұқаралық сананы манипуляциялауға қарсы іс-қимыл, қаржылық пирамидалар мен интернет-алаяқтыққа қарсы күрес, лудоманияның және қоғамдағы суицидтік көңіл-күйдің алдын алуға бағытталған шаралар туралы да мәселе көтерілді.

Кездесуде жастарға қоғамдық тәртіпті сақтау, заңды сыйлау және теріс әлеуметтік құбылыстармен күресу қажеттілігі туралы айтылды. Орталық мамандары жастарды ақпараттық манипуляцияларға қарсы тұруға, өз құқықтары мен міндеттерін дұрыс түсінуге және қаржылық алаяқтықтан сақтануға шақырды. Сонымен қатар, лудомания мен құмар ойындарының жастар арасындағы таралуының алдын алу мәселесі де талқыланды.

Қоғамда таралып отырған жалған ақпараттар мен фейк жаңалықтар жастардың ой-санасына әсер етіп, олардың дұрыс ақпарат алуын қиындатуда. Осыған орай, кездесу барысында жастарға ақпаратты сараптап, тексерілген деректерге ғана сенудің маңыздылығы түсіндірілді. Қаржылық пирамидалар мен интернет-алаяқтықтың кеңінен таралуы туралы да нақты мысалдар келтіріліп, жастарға өз қаржылық қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға кеңес берілді.

Қоғамдағы суицидтік көңіл-күйдің алдын алу және психологиялық мәселелерге де көңіл бөлінді. Жастарға психологиялық көмек көрсету және қиын жағдайларда қолдау табудың маңызы туралы ақпарат берілді. Орталық мамандары суицидтік ойлардың алдын алу, қиындықтарға қарсы тұру жолдарын іздеу және психологиялық қолдаудың қажеттілігі туралы кеңестер ұсынды.

Іс-шара барысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және олардың қоғамда белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында көптеген пайдалы мәліметтер берілді. Бұл кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға және олардың қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді түрде атсалысуына ықпал етеді.

Кентау қаласында өткен бұл іс-шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, олардың қоғамдағы тәртіпке жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға бағытталды. Кездесуде жалған ақпарат пен манипуляцияға қарсы күрес, қаржылық алаяқтық пен интернет-алаяқтықтың алдын алу, сондай-ақ, лудомания мен суицидтік көңіл-күй мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жастарға ақпаратты сараптау, психологиялық көмекке жүгіну және қиындықтарды жеңу жолдары туралы кеңестер беріліп, оларды өз құқықтары мен міндеттерін дұрыс түсінуге және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге шақырды.

 

СОЗАҚТА ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ӨТКЕН «МАХАМБЕТ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Алдыңғы

10 ҚЫРКҮЙЕК – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУ КҮНІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *