Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Кентау қаласының «Кентау гуманитарлық-техникалық колледжінде» «Жастар ресурстық орталығы» КММ-мен танысу бойынша колледж студенттерімен кездесу өтті. Кездесу барысында орталық мамандары жастарға қандай бағытта жұмыс жасайтынын, қандай қызметтер көрсетілетінін жан-жақты түсіндіріп берді. Сонымен қатар, жас буынның қоғамдағы маңызды мәселелерге деген жауапкершілігін арттыру, бұқаралық сананы манипуляциялаудан сақтау, қаржылық пирамидаларға, интернет-алаяқтыққа қарсы тұру мәселелері талқыланды.
Кездесуге Кентау қалалық “Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің «Талантты жастарды қолдау, талдау және БАҚ-пен жұмыс» бөлімінің басшысы А. Абуова, Кентау қалалық “Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің заңгер маманы Б. Шакиров, Кентау қалалық “Руханият” орталығы КММ-нің теолог маманы Ұ. Құлтай, Әкелер мектебінің төрағасы А. Сахов және колледж студенттері қатысты.
Ісшараның мақсаты — жастарға «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметі туралы жан-жақты ақпарат беру, студенттердің азаматтық белсенділігін арттыру және оларды қоғамдық іс-шараларға тарту, жастар арасындағы жұмыссыздықтың алдын алу, бос уақытты тиімді ұйымдастыру жолдарын ұсыну, еріктілік қозғалысын дамытуға қызығушылық ояту. Сонымен қатар, жастарға қоғамдағы лудомания мен суицидтік көңіл-күйлердің алдын алу бағытында кеңестер беру, сондай-ақ жалған ақпараттар мен манипуляцияларға қарсы тұру бойынша түсінік беру мақсатында бірнеше шаралар ұйымдастырылды.
Кездесуде жастар арасында өзекті мәселелерге деген назар аударылып, қаржылық пирамидалар мен интернет-алаяқтықтың таралуына қарсы күрес шаралары, сондай-ақ қоғамдағы қауіпті тенденциялар мен суицидтік көңіл-күйлердің алдын алу бойынша нақты ұсыныстар айтылды. Орталық мамандары лудоманияның, яғни құмар ойындарға тәуелділіктің зардаптары туралы да жан-жақты түсінік берді. Сондай-ақ, жастарды әлеуметтік желілердегі жалған ақпараттардан сақтандыру және олардың саналы түрде ақпарат қабылдау дағдыларын дамытуға бағытталған тренингтер мен семинарлар өткізу жоспарлануда.
Кентау қалалық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен өткен кездесу жастар арасында өзекті мәселелер мен қазіргі заманғы қауіптерге қарсы күрес жолдарын түсіндіруге бағытталған маңызды шара болып табылды. Бұл кездесуде жастарға орталықтың қызметі туралы жан-жақты ақпарат беріліп, олардың азаматтық белсенділігін арттыру және қоғамдық іс-шараларға белсене қатысуға ынталандыру көзделді. Сондай-ақ, жастар арасында жұмыссыздықтың алдын алу, бос уақытты тиімді ұйымдастыру мен еріктілік қозғалысын дамыту мәселелері талқыланды. Орталық мамандары жастарды тәуелділіктерден, атап айтқанда лудоманиядан, суицидтік көңіл-күйден сақтандыру жолдарын да түсіндіріп, психологиялық қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті.
Қаржылық пирамидалар мен интернет-алаяқтық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жастарды осы бағытта ақпараттандыру мен саналы шешімдер қабылдауға үйрету өте маңызды, өйткені қазіргі таңда интернет алаяқтары мен қаржылық пирамидалар жастарды алдап, олардың ақшасын иемденуге тырысады. Кездесу барысында орталық мамандары әлеуметтік желілерде таралатын жалған ақпараттарға қарсы тұрудың жолдарын көрсетіп, жастарға тек сенімді ақпарат көздеріне сүйенуді үйретудің маңыздылығын түсіндірді. Сондай-ақ, жастардың психоэмоционалдық денсаулығын сақтау мақсатында алдағы уақытта түрлі тренингтер мен семинарлар өткізу жоспарлануда.
Осылайша, Кентау қаласындағы жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін шешу, сондай-ақ жастарды қоғамдағы теріс ықпалдардан қорғау мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бұл шаралар жастардың болашаққа деген көзқарасын қалыптастырып, оларды жауапкершілікке, әлеуметтік белсенділікке және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады.
Comments