Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп» тақырыбында қала жастары арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында кездесу өтті. Бұл шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, қоғамдағы құқықтық тәртіпті нығайтуға және жастардың заңға деген құрметін күшейтуге бағытталған.
Кездесуге «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің заңгері Б. Шакиров және қала жастары қатысты. Шараға қатысушыларға құқықтық тәртіп, заң бұзушылықтың зардаптары мен оның алдын алу жолдары туралы маңызды ақпараттар берілді.
Мақсаты: Жастардың заңдық білімдерін тереңдету, құқықтық тәртіпті сақтау мен қоғамдағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша түсініктерін қалыптастыру. Сонымен қатар, бұл кездесу жастардың заң мен тәртіптің маңыздылығын түсіндіруге, құқықтық мәдениетті дамытуға және өз құқықтары мен міндеттерін білуге бағытталған.
Кездесу барысында қатысушыларға құқықбұзушылықтардың алдын алу үшін жасалатын жұмыстар мен құқық қорғау органдарының рөлі түсіндірілді. Сонымен қатар, жастардың құқықтық сана мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру мақсатында қазіргі қоғамдағы құқық бұзушылықтар, интернет-алаяқтық, қаржылық пирамидалар мен кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар сияқты өзекті мәселелер туралы да сөз болды. Бұл мәселелердің шешімі ретінде жалған ақпарат пен бұқаралық сананы манипуляциялауға қарсы іс-қимылдарды күшейту, жастарды осы бағытта тәрбиелеу, сондай-ақ лудомания мен қоғамдағы суицидтік көңіл-күйдің алдын алу жөнінде ақпарат берілді.
Құқықтық тәртіп пен заңды құрметтеу әрбір азаматтың қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі екендігі туралы сөз қозғалды. Жастарға өздерінің құқықтары мен міндеттерін терең түсініп, заңды құрметтеу және әртүрлі алаяқтық қылмыстардың алдын алу қажеттігі айтылды.
Кездесу барысында жалған ақпарат пен бұқаралық сананы манипуляциялауға қарсы іс-қимыл мәселесі де кеңінен талқыланды. Жастарды ақпараттық гигиенаға үйрету, сенімсіз дереккөздерден аулақ болу және әлеуметтік желілерде дұрыс ақпарат таратуға жауапкершілікпен қарау қажет екендігі атап өтілді. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы манипуляциялық мәліметтер қоғамдағы алауыздықты тудыруы мүмкін, сондықтан жастарға медиаграмоталық білім мен сүзгілеу дағдыларын меңгеру маңызды екендігі айтылды.
Қаржылық пирамидалар мен интернет алаяқтыққа қарсы күрестің өзектілігі де талқыланды. Қатысушыларға қаржылық сауаттылықты арттыру, алаяқтық схемалардан сақтану және банктік деректерді қорғау бойынша кеңестер берілді. Қазіргі қоғамда интернет алаяқтар түрлі айла-амалдар арқылы азаматтарды алдап, қаржылық зиян келтіруде, сондықтан жастарды бұл мәселелер бойынша құқықтық біліммен қаруландыру өте маңызды.
Сонымен қатар, лудомания (ойынға тәуелділік) мен қоғамдағы суицидтік көңіл-күйдің алдын алу да үлкен мәселе ретінде қаралды. Бұл психологиялық мәселелер жастар арасында психологиялық қолдау мен алдын алу шараларын талап етеді. Жастарды дұрыс өмір сүруге, өз проблемаларын шешуге көмектесу үшін психологиялық көмек көрсету, олардың қоғаммен үйлесімді қарым-қатынас орнатуына ықпал ету мақсатында арнайы тренингтер мен бағдарламалар әзірленетін болады.
Comments