Ордабасы аудандық мансап орталығының мамандары аудан орталығындағы Амангелді Иманов атындағы мектептің жоғары сынып оқушыларын Skills.enbek.kz платформасында жұмыс іздеу және жұмысқа орналасу дағдыларын, оқу курстарына тіркелу бойынша арнайы оқыту өткізді. Бұл оқыту жұмысы «Электрондық еңбек биржасы» бірыңғай платформасын пайдалану арқылы жүзеге асырылды.
Оқушыларға платформа арқылы жұмыс іздеудің тиімді жолдары мен мүмкіндіктері түсіндіріліп, сондай-ақ оларды оқу курстарына тіркеу және жеке кәсіби даму жолдарын анықтауға көмектесу мақсатында арнайы тренингтер өткізілді.
Бұл іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақты қазіргі еңбек нарығының талаптарына сай қажетті дағдылармен қаруландыру, оларды жұмысқа орналасуға дайындық деңгейін арттыру болып табылады.
Comments