Темірлан ауылының тұрғыны Абдувалиева Динара Мухамедқызы қазіргі уақытта аудан орталығындағы «Хан» жеке кәсіпкерлігіне қарасты Тіс емханасында «Қоғамдық жұмыс» бағдарламасы арқылы еңбек етуде. Бұл бағдарлама – жастар мен жұмыссыз азаматтарға өз мамандығы бойынша алғашқы тәжірибені жинақтап, жұмысқа орналасуына мүмкіндік беретін тиімді жоба.
Динара Мухамедқызы үшін бұл жұмыс – өз ісін дамытуға және кәсіби шеберлігін арттыруға үлкен мүмкіндік. Қоғамдық жұмыс бағдарламасы арқылы ол тек еңбек тәжірибесін ғана емес, сонымен қатар болашаққа нақты қадам жасауға да мүмкіндік алуда.
Динара сияқты жас мамандарға қолдау көрсету – бұл олардың болашағына салынған маңызды инвестиция!
Comments