Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Әбдиев Ордабасы ауданында іссапармен болып, «Шапағат» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барып, мекеменің жұмысымен танысты. Аудан тұрғындарына әлеуметтік қызметтер көрсету мақсатында қызмет ететін орталықтың жұмысы маңызды әрі қажетті екендігіне көз жеткізді. Кездесуде депутат зейнеткерлермен, сондай-ақ орталықтың қызметкерлерімен жеке кездесіп, мекеменің жағдайын, көрсетілетін қызметтердің сапасын, сондай-ақ осы саладағы түйткілді мәселелерді тыңдады.
Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары Олжас Болатханұлы мен «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Әлиасқар Бердімұрат да қатысты. Бұл кездесудің басты мақсаты – әлеуметтік қызметтер көрсететін мекемелердің жұмысын жақсарту және тұрғындардың тұрмыстық деңгейін көтеру үшін ұсыныстар мен пікірлер алу болды. Сонымен қатар, депутат орталықтың материалдық-техникалық базасымен танысып, емдеу-сауықтыру кабинеттеріндегі оңалту үдерісін бақылап, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы қызметтер жайында сұрақтар қойды. Ерлан Тұрсынбайұлы орталықтың қызметін жоғары бағалап, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сапалы ем алуына және әлеуметтік қызметтерге қолжетімділікті арттыру үшін мемлекеттік деңгейде қолдау көрсетілетінін атап өтті.
Кездесуде ауыл тұрғындары өздерінің сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Депутат, өзінің сөзінде, Ордабасы ауданында әлеуметтік қызметтер көрсету мекемелерінің жағдайын жақсарту және қызметтердің тиімділігін арттыру мақсатында атқарылатын жұмыстарының маңыздылығын атап өтті. Бұл кездесу әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы мәселелерді көзбен көріп, шешу жолдарын анықтау үшін маңызды қадам болды. Сонымен қатар, әлеуметтік қызметтерді көрсету мекемелерінің тиімді жұмыс істеуі үшін қоғамның қолдауы мен әріптестік маңызды екенін айтып өтті.
Сапар барысында, депутат Ерлан Тұрсынбайұлы аудан орталығы Темірлан елдімекенінде салынып жатқан балалар музыкалық мектебінің құрылысымен танысты. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 65-70% аяқталды, және мердігер мекеме «Намыс» ЖШС нысанды қараша айына дейін толық пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Жобаның іске қосылуы балаларға музыкалық білім беруде маңызды рөл атқаратын болады. Депутат құрылыс сапасына қатысты өз пікірін білдіріп, сапалы құрылыс материалдарын қолдану, техникалық қауіпсіздікті сақтау, және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандусты талапқа сай орнату қажеттігін ерекше атап өтті. Бұдан бөлек, депутат жұмыстардың мерзімінде аяқталуы және құрылыс стандарттарының сақталуы маңызды екенін ескертті.
Бұл балалар музыкалық мектебі ауданымыз үшін маңызды әлеуметтік жобалардың бірі болып табылады. Ол ауданның білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеріп, балаларға музыкалық білім мен шығармашылық мүмкіндіктер ұсынады. Бұл жоба ауданның мәдени дамуына да айтарлықтай ықпал ететін болады. Аудандық әкімдік, АМАНАТ партиясы, аудандық білім бөлімі мен басқа да жауапты органдар бұл құрылыс жобасын үнемі бақылап, оның сапалы әрі уақытында аяқталуына үлкен жауапкершілікпен қарайды.
Мәжіліс депутаты Ерлан Әбдиевтің Ордабасы ауданындағы іссапары жергілікті тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған нақты жұмыстарды жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Әлеуметтік қызметтер көрсететін мекемелердің тиімділігін арттыру мақсатында депутаттың қатысуымен өткен кездесулер мен сұхбаттар ауданның дамуына зор ықпал етті. Ауданның тұрмыстық деңгейін жақсарту үшін нақты ұсыныстар мен пікірлер тыңдалып, депутат олардың шешімін табуына өз үлесін қосты. Мұндай кездесулер тұрғындардың мұқтаждықтарына жауап беріп, мемлекеттік деңгейде қолдау көрсету үшін маңызды бағыттар анықталды.
Сапар барысында депутаттың мәдени жобаларды бақылауы, соның ішінде балалар музыкалық мектебінің құрылыс жұмыстарының барысымен танысуы, ауданның білім беру жүйесін дамытуға зор ықпал етеді. Жоба балаларға музыкалық білім беру саласында жаңа мүмкіндіктер ашып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасайды. Әлеуметтік саладағы мұндай жобалар Ордабасы ауданын жаңғырту мен дамытуда маңызды рөл атқарады, әрі ауданның болашақта гүлденуіне ықпал ете алады.
Comments