Қоғам

Жастардың болашағы – нашақорлыққа қарсы күрестің маңызы

Қазығұрт ауданы полиция бөлімінің ұйымдастыруымен “Нашақорлықты алдын алу” мақсатында 2025 жылдың 28 шілде күні арнайы акция өтті. Бұл шара аудан тұрғындарының нашақорлықтың зиянды әсері, оның қоғамға тигізетін зияны мен заңсыздықтары туралы ақпарат алуына бағытталды. Акция барысында Қазығұрт ауданы полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері, сондай-ақ учаскелік полиция инспекторлары тұрғындармен тығыз жұмыс жасап, нашақорлыққа тәуелділіктің қауіптілігі мен оны таратудағы заңсыз әрекеттердің салдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Акцияның мақсаты – жастарды нашақорлықтың алдын алуға, сондай-ақ бұл дертке ұшырағандарға көмек көрсету, олардың қоғамдағы орнын қайта қалпына келтіру. Нашақорлық тек адамның денсаулығына ғана емес, оның әлеуметтік жағдайына, психологиялық ахуалына да теріс әсер етеді. Полиция қызметкерлері тұрғындарға бұл зиянды әдеттің заңдық салдары мен ауыр зардаптары туралы кеңінен айтып, оны таратуға қатысатын тұлғаларға қатысты қандай шаралар қолданылатынын түсіндірді.

Акция барысында мамандар тұрғындарға нашақорлыққа қарсы күрес туралы ақпараттар мен заңнамалық нормаларды таныстырды. Нашақорлықтың таралуы, әсіресе жастар арасында, бүгінгі күні өте өзекті мәселе болып отыр. Осыған орай, акцияда әрбір қатысушыға нашақорлықтың алдын алу үшін құқықтық және әлеуметтік шаралар туралы кеңестер берілді. Тұрғындар арасында жиі кездесетін сауалдарға жауаптар ұсынылды, сондай-ақ нашақорлыққа қарсы күрес бағытында жүргізілетін жұмыстар мен шаралар туралы түсіндірмелер жасалды.

Құқық қорғаушы органдар тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орнатып, әрбір адамның өз денсаулығына, болашағына жауапкершілікпен қарауы қажеттігін атап өтті. Жергілікті билік өкілдері мен полиция қызметкерлері осындай акциялар мен шаралар арқылы аудан тұрғындарына, әсіресе жасөспірімдер мен жастарға нашақорлықтың зиянды әсерлері туралы ақпаратты тиімді түрде жеткізуді көздейді. Сонымен қатар, акция барысында әрбір қатысушыға нашақорлықтың алдын алу бойынша кеңестер мен ақпараттық буклеттер таратылды.

Тұрғындарға арналған бұл акциялар алдағы уақытта да жалғасатын болады. Әрбір азаматтың нашақорлыққа қарсы күрестегі белсенді қатысуы қоғамның қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғауда маңызды рөл атқарады. Осы шаралар жастар мен қоғам мүшелеріне құқықтық сауаттылықты арттыруға, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау мен денсаулықты қорғауға бағытталған.

Түн тыныштығы: Заң мен тәртіп күзетінде

Алдыңғы

ҚАЛАНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *