Ағымдағы жылдың 27 тамызынан 10 қыркүйек аралығында республикалық деңгейде «Бақытты ел – бақытты отбасы» атты әлеуметтік-профилактикалық акция кең көлемде өткізіліп жатыр. Бұл маңызды шара қоғамдағы отбасы құндылықтарын насихаттауға, отбасылық дәстүрлерді сақтау мен нығайтуға, сондай-ақ ата-аналар мен балалар арасындағы сенімді әрі мейірімді қарым-қатынасты дамытуға бағытталған. Акция – елдің әлеуметтік тұрақтылығы мен болашағын қамтамасыз ететін отбасы институтының маңыздылығын кеңінен дәріптейтін қоғамдық науқан болып табылады.
Осы ауқымды шара аясында Шымкент қалалық Полиция департаментінің Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің жедел-профилактикалық іс-шаралар жөніндегі инспекторлары (ЖПҚ ОТЗЗҚКб) тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, акцияның маңыздылығын насихаттауда. Полиция қызметкерлері отбасындағы жылулық пен шынайы сүйіспеншіліктің рөлін түсіндіріп, жасөспірімдерді дұрыс тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті.
Акцияның басты мақсаты: Отбасындағы мейірімділік пен жылылықты арттыру, оның мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасты нығайту, жасөспірімдерді тәрбиелеу мен тәрбиенің сапасын көтеру, қоғамда мейірімділік, жауапкершілік пен татулық құндылықтарын қалыптастыру, отбасылық құндылықтарды нығайту арқылы тұрақты әрі бақытты қоғамды құру.
Бұл іс-шара барысында көптеген маңызды шаралар ұйымдастырылады. Атап айтқанда, отбасылық мерекелік кездесулер мен дөңгелек үстелдер өткізіледі, балаларға арналған шығармашылық байқаулар ұйымдастырылып, әлеуметтік желілерде флешмобтар мен ақпараттық науқандар өткізіледі. Сонымен қатар, арнайы дәрістер мен психологиялық, құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
«Бақытты ел – бақытты отбасы» акциясы – бұл елдің жарқын және сенімді болашағы отбасынан басталатынын дәлелдейтін, қоғамдағы әрбір адамның отбасылық құндылықтарға деген құрметін арттыруға бағытталған маңызды әлеуметтік шара. Осы арқылы елімізде отбасы институтын одан әрі нығайтып, әрбір шаңырақтың амандығы мен бірлігін қамтамасыз етуге үлес қосылады.
Жалпы алғанда, «Бақытты ел – бақытты отбасы» акциясы қоғамдағы отбасы мәселелеріне назар аударып, оның рухани және әлеуметтік мәнін қайта жаңғыртуға бағытталған ауқымды шара болып отыр. Акцияның арқасында әрбір отбасы мүшесі өзара сыйластық пен түсіністікке негізделген қарым-қатынасты нығайтып, қиындықтарды бірге жеңуге үйренеді. Бұл шара жастар арасында отбасылық жауапкершілікті арттыруға және мейірімділік пен татулықты насихаттауға септігін тигізеді.
“Бақытты ел – бақытты отбасы”: Әл-Фараби ауданында отбасы құндылықтарын насихаттау акциясы

Comments