Аудандық мәслихат депутаты Г. Андабаева мен «AMANAT» партиясы Кербұлақ аудандық филиалының консультанты Е. Асанов Сарыөзек ауылындағы 60 пәтерлі 5 қабаты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарына мониторинг жүргізіп қайтты. Құрылыс жұмыстарын НСК «Global Construction kz» ЖШС-і жүргізуде. Қазіргі таңда Сыртқы инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысы аяқталды. Асфальт жұмыстары — 60%, төртінші қабаттың темірбетонды, екінші қабаттың қабырғаларын қалау жұмыстары жүргізілуде. Құрылыстың жалпы дайындығы – 47 % құрайды. Жұмысшылар саны – 35 адам. 4 арнайы техника жұмыс жасайды (2 – кармикс, 1 – кран, 1 – погрузчик) Бүгінде келісім шартқа сәйкес жұмыстар өз деңгейінде атқарылуда. Мониторингтік топ мүшелері құрылысқа қатысты өз ұсыныстарын айтып, мердігерлерге келісім шартқа сәйкес алған міндеттемелерін уақытылы әрі сапалы орындау керектігін айтты.













Comments