ӘлеуметЖаңалықтарҚоғам

“ӘЙЕЛ.ҚҰҚЫҚ.ҚОРҒАНЫС” атты нәзік жандылардың өзін-өзі қорғау курсы өтті

Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасында әйелдерге арналған “ӘЙЕЛ.ҚҰҚЫҚ.ҚОРҒАНЫС” атты 5 күндік өзін-өзі қорғау курсының алғашқы күні өтті.
Курс семинар-тренинг форматында ұйымдастырылып, қатысушыларға зорлық-зомбылық түрлері, оның салдары, сондай-ақ медиация ұғымы мен оның қолданылу салалары бойынша теориялық әрі тәжірибелік ақпарат берілді.
Қатысушылармен психолог, ағартушы, жеке кәсіпкер, педагог-тренер Боранбек Алтынбек Срайылұлы және заңгер, кәсіби медиатор
Кесебай Айжан Өмірзаққызы кездесіп, өз салалары бойынша мазмұнды ақпарат ұсынды. Сондай-ақ, қатысушыларға арналған шағын кофе-брейк ұйымдастырылды.
Бұл іс-шара нәзік жандылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, өз қауіпсіздігін қорғауға және қорқынышсыз өмір сүруіне бағытталған.
Курс жалпы 5 күнге созылады. Ертеңнен бастап қатысушылар үшін өзін-өзі қорғауға арналған практикалық сабақтар басталады. Сабақтар барысында қатысушылар арнайы жаттығулар арқылы нақты қорғану тәсілдерін үйренеді.

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «ТАЗА ҚАЛА» ЖАЛПЫ ҚАЛАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *