ҚоғамМәдениет

“Мерейлі отбасы — 2025”: Шымкентте үздік отбасылар анықталды

Шымкент қаласында дәстүрлі «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысты.

Марапаттау рәсімінде Сәрсен Абайұлы, дәстүрлі отбасылардың ел бірлігін сақтаудағы маңызды рөлін атап өтті. Ол қазақ қоғамындағы ер азаматтың, ананың, қыз-келіннің өзіндік орны ғасырлар бойы қалыптасқанын және бұл құндылықтарды сақтау, жас ұрпаққа жеткізу міндетті екендігін айтты. Сондай-ақ, бұрынғы жылдардағы байқау жеңімпаздарының өмір жолдары арнайы кітап түрінде жарық көретінін хабарлады.

Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы бөлім басшысы Ақбота Бекхожақызы биылғы байқауда еңбек династияларының ерекше назарға алынғанын және іріктеу жұмыстарының аудандық кезеңнен бастап жүйелі түрде жүргізілгенін мәлімдеді.

Ақбота Бекхожақызы:

  • “Биыл Шымкент қаласында өтінім қабылдау 15 мамыр мен 15 маусым аралығында жүргізіліп, 150-ден астам өтініш түсті. Үздік 20 отбасы қалалық кезеңге іріктелді. Олар отбасы мүшелерінің қоғамға қосқан үлесі, балалардың жетістіктері, еңбек дәстүрін сақтау және ұрпақ сабақтастығын қалыптастыру бойынша бағаланды,” – деп атап өтті.

Байқау қорытындысында 20 қатысушы отбасы қала әкімінің алғыс хаттары мен теледидар сыйлықтарымен марапатталды. Ал бас жүлде иегері болып Шымкенттің Әл-Фараби ауданынан қатысқан теміржолшылар әулеті Нұртаевтар атанып, 1 миллион теңге көлеміндегі сертификатты ұтып алды. Нұртаевтар әулеті 12 қыркүйек күні Астанада өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.

Бұл байқау отбасы құндылықтарын дәріптеу, қазақ халқының дәстүрлі мәдениетін сақтау және ұрпақ сабақтастығын нығайту бағытындағы маңызды қадамдардың бірі болды. Жеңімпаздар мен лауреаттардың жетістіктері барлық қатысушылар үшін үлгі болып, қоғамға үлгілі отбасының рөлін тағы да айқындап көрсетті.

Бұл жеңіс отбасының еңбекқорлығын, тұрақтылығын және қоғамға қосқан зор үлесін айқындап, олардың ұрпақ сабақтастығын сақтау мен ұлттық құндылықтарды насихаттаудағы үлгісін көрсетеді. Осылайша, «Мерейлі отбасы» байқауы қоғамды бірлікте болуға, отбасы құндылықтарын құрметтеуге шақырады.

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖОСПАРҒА САЙ ЖҮРУДЕ

Алдыңғы

АЗАМАТТАРҒА ТЕГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *