Жастар саясаты

Жастармен жүздесу – патриотизм бастауы

Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен елжандылыққа үндейтін тағылымды кездесу өтті. Кездесу ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай “Мерейлі 30 күн” жобасы аясында ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты – жастардың бойына патриотизмді сіңіріп, азаматтық жауапкершілікті арттыру және қоғам өміріне белсенді қатысуға ынталандыру.

«Қазақстандық патриотизм – әрбір азаматтың міндеті» тақырыбын арқау еткен жиында Отанға деген сүйіспеншілікті ұялату, өз елінің тағдырына алаңдаушылық таныту басты назарда болды. Кездесуге қатысушылардың бойында елге деген махаббат пен құрметті арттыру көзделіп, оларды Қазақстанның гүлденуіне өз үлесін қосуға шақырды.

Жиынның арнайы қонағы – қоғам белсендісі, Шымкент қаласы «AMANAT» партиясы жанындағы «Жер-Аманат» кеңесінің төрайымы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес мүшесі, «Экономикалық даму және кәсіпкерлікті қолдау» кеңесінің төраға орынбасары, Іскер әйелдер қауымдастығы мен Әйелдер кеңесінің мүшесі Гүлайым Аскерқызы Шунгараева жастарға тағылымды әңгіме өрбітті. Өз сөзінде ол патриотизмнің тек ұрандармен шектелмейтінін, оның өмірлік ұстаным екенін атап өтіп:

  • «Патриотизм – ұран емес, өмірлік ұстаным. Отанды сүю – оны қорғаудан, дамытуға үлес қосудан және айналаңдағы адамдарға мейірім мен қамқорлық танытудан басталады. Әрқайсымыз туған жеріміздің гүлденуіне жауаптымыз. Жастар – ел ертеңі ғана емес, бүгінгі күннің қозғаушы күші. Сондықтан сіздердің әр бастамаңыз, әр еңбегіңіз – болашағымыздың кепілі,» – деп жастарға өз елінің дамуына үлес қосу қажеттігін ерекше атап өтті.

Кездесу барысында қатысушылар еркін пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды. Жастар өкілдері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тәжірибелі спикерден нақты кеңестер алды. Осылайша, жиын жастардың қоғамға қатысты көзқарасын кеңейтіп, оларды елге адал қызмет етуге ынталандырды.

Шара соңында қатысушылар патриотизмнің тек әскери борышпен шектелмейтініне, оның ең бастысы – ел дамуына адал қызмет ету мен қоғамда өз орнын таба білуде екенін түйді. Бұл кездесудің жастарға еліміздің дамуына белсенді түрде үлес қосуға және қоғамда өз орны мен миссиясын анықтауға ықпал еткені сөзсіз.

Jastar Fest в Шымкенте: День молодёжи дал старт новым грантам и конкурсам для активных шымкентцев

Алдыңғы

Творческие работы студентов представлены широкой публике

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *