Жаңалықтар

ЕҢБЕК ШАРТТАРЫН ЦИФРЛАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласындағы еңбек қатынастары мен инвестициялық жобалардың орындалу барысына қатысты Мемлекеттік еңбек инспекциясы Департаменті 2025 жылдың есептік кезеңіндегі ахуалды жария етті. Мәліметтерге сүйенсек, еңбек шарттарын цифрландыру жұмыстары жалғасуда, бірақ кейбір кәсіпорындардың сылбыр әрекеті кедергі келтіріп отыр. Сонымен қатар, қаладағы ауқымды инвестициялық жобалар мен жаңа жұмыс орындарының ашылуы да нақты көрсеткіштермен салыстырғанда бәсең жүріп жатыр.
Еңбек шарттарын есепке алудың Бірыңғай жүйесіне Шымкенттегі 14 160 белсенді кәсіпорынның 11 622-сі ғана (82%) өз жұмысшыларының шарттарын тіркеген. Ал бұл кәсіпорындардағы 199 990 жұмыскердің 173 620-сы, яғни 87%-ы жүйеде көрініс тапқан.
Алайда статистикаға сәйкес, бұл көрсеткіш жыл басынан бері бірқатар кәсіпорындардың уақытша тоқтап қалуы себепті төмендеген. Қазіргі таңда тіркеуге енбей қалған кәсіпорындардың тізімі жасақталып, әрқайсымен жеке түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Департамент алдағы уақытта мақсатты индикаторлар көрсеткіштеріне толық қол жеткізуді көздеп, бұл бағыттағы жұмысты жандандыратынын мәлімдеді.
Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметіне сәйкес, Жалпыұлттық пул аясында құны 4 триллион теңгеге бағаланатын 105 инвестициялық жоба дайындалған. Бұл жобалар 17 253 жаңа жұмыс орнын құруды көздейді.Алайда бүгінгі күнге дейін іске қосылған жұмыс орындарының нақты саны – 861 ғана.
Бүгінде:
• 25 жоба іске асырылуда;
• 80 жоба жүзеге асыру сатысында тұр.
Еңбек инспекциясы бұл жобалардың барлығына мониторинг жүргізіп отыр. Министрдің тапсырмасына сәйкес, 37 инвестициялық жобаға мемлекеттік еңбек инспекторлары жеке жауапты ретінде бекітілген.
Осы 37 жобада ашылуға тиіс жұмыс орындары – 2 984 болса, жүйеде тіркелген еңбек шарттары саны – 5 505. Бұл жұмыс орындарының толық ашылғанынан гөрі, кейбір жобаларда артық есеп жүргізілгенін немесе шарттар нақты жұмыс орындарына сай келмейтінін көрсетеді.
Инспекция мәліметі бойынша, кейбір жобаларда нақты жұмыс орындары ашылмаған. Солардың қатарында:
• «Отрар Констракшн» ЖШС,
• «Кока-Кола Алматы Ботлерс» БК» ЖШС,
• «Qz Сhemical Impex» ЖШС,
• «Евро Знак» ЖШС,
• «Сабаева Г» ЖК,
• «БКА-Бетон» ЖШС.
Бұл компаниялар инвестициялық міндеттемелерге сай әрекет етпеген. Қала әкімдігі, салалық басқармалар мен аудан әкімдіктері бірлесіп, бұл жобалар бойынша жұмыстарды қайта жандандыруға ниетті.
Түсіндіру мен ақпараттық сүйемелдеу жұмыстары – белсенді түрде жүргізілуде Мемлекеттік еңбек инспекторлары 2025 жылдың есептік кезеңінде:
• 225 азаматты жеке қабылдап, еңбек заңнамасы бойынша кеңес берген;
• 43 семинар-кеңес ұйымдастырған;
• Жергілікті телеарналарда 10 сұхбат беріп, әлеуметтік желілерде 32 ақпараттық жазба жариялаған;
• Бұдан бөлек, 3 дөңгелек үстел өткізіліп, еңбек қатынастарына қатысты түрлі мәселелер талқыланған.
Барлық шаралар Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің Facebook және Instagram парақшаларында жарияланып, көпшілікке қолжетімді етілуде.
Шымкент қаласындағы еңбек қатынастарын цифрландыру мен жұмыс орындарын ашу бағытында ауқымды жоспарлар бар. Дегенмен, олардың орындалу деңгейі әлі де болса көңіл көншітпейді. Жұмыскерлердің құқықтарын қорғау үшін жүйелі бақылау, кәсіпорындармен нақты жұмыс және ашық ақпараттық саясат – бұл саладағы негізгі құралдар болып қала бермек.

ЖАЛАҚЫ ҚАРЫЗЫ, ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ ЖӘНЕ ЗАҢБҰЗУШЫЛЫҚТАР ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

Алдыңғы

50 стихотворений Абая наизусть знает солдат Нацгвардии МВД РК

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *