Шымкенттің экологиялық ахуалы тұрақты бақылауда болғанымен, өндірістік ластанудың артуы мен тұрғын шағымдарының жиілеуі — қалада экология мәселесі күн тәртібінен түспейтінін көрсетеді. Экология департаменті заң аясында қатаң шаралар қабылдап, ауаны бақылау жүйесін жетілдіруде. Дегенмен, қоршаған ортаны қорғау — тек мемлекеттік органның емес, әрбір азаматтың жауапкершілігі екені анық.
2024 жылмен салыстырғанда өткен жылдың осы кезеңінде ғарыштық мониторингпен 14 қоқыс координаты анықталса, 2025 жылы бұл көрсеткіш бірнеше есе өсіп отыр.
2023 жылдан бастап қаладағы қалдықтар Ақтас елді мекеніндегі, жалпы ауданы 34 гектарды құрайтын ҚТҚ полигонында қабылданып келеді. Бұл полигон «Шымкент сушар» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының теңгеріміне бекітілген.
2025 жылдың алғашқы алты айында полигонға 132 528 тонна қалдық жеткізілді. Оның ішінде:
• Сұрыпталғаны – 42 357 тонна (яғни, 32% үлес),
• Қайта өңдеуге жарамды шикізат – небәрі 984 тонна,
• Сұрыптау кезіндегі шығын – 27 тонна,
• Көмуге жіберілген қалдық – 131 544 тонна.
Бұл – жалпы қалдық көлемінің 99,3%-ы көміледі деген сөз. Қалдықтарды өңдеу мен кәдеге жарату саласының әлі де жеткіліксіз деңгейде екенін көрсетеді.
Салыстырар болсақ, 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында 120 715,5 тонна қалдық шығарылып, 31,02%-ы ғана сұрыпталған.
Шымкенттің экологиялық ахуалы: ластану мен бақылау
Қала атмосферасының сапасы «Қазгидромет» мекемесінің 6 стационарлық бекеті арқылы бақыланады. 2020 жылдан бері қала «көтеріңкі ластану деңгейінде» қалып отыр.
Ластау динамикасы:
• 2018: 33,41 мың тонна
• 2020: 29,55 мың тонна
• 2023: 34,1 мың тонна
• 2024: 35,73 мың тонна
Ластанудың артуы — жаңа өндірістік нысандардың іске қосылуымен түсіндіріледі.
Қаладағы ауа сапасына әсер ететін 4 ірі кәсіпорынға (жылына 500 тоннадан көп шығарындылары бар автоматтандырылған өндірістік экологиялық мониторинг жүйелері (МАЖ) орнатылған. Жүйе арқылы мәліметтер Ұлттық деректер банкіне жолданып отырады.
Қадағалау нәтижелері:
• «ПКОП» – 2024 жылы МАЖ орнатпағаны, 2025 жылы дұрыс ақпарат бермегені үшін айыппұл мен нұсқама берілді.
• «Шымкентцемент» – МАЖ жүйесінің істен шығуына байланысты экологиялық талаптарды бұзғаны үшін жазаланды.
Жаз айларында, әсіресе түнгі мезгілде қала тұрғындары жағымсыз иіске жиі шағымдануда.
Мәселені жедел анықтау үшін:
• қала әкімдігімен бірлескен жұмыс тобы құрылды;
• түнгі кезекшіліктер ұйымдастырылды.
Тексеру нысандары негізінен индустриялық аймақтарға бағытталған:
• «Оңтүстік» индустриялды аймағында – 90 кәсіпорын,
• Тассайда – 30-ға жуық,
• Ордабасыда – 119-ға жуық кәсіпорын жұмыс істейді.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Comments