ҚоғамМәдениетРуханият

«Абай мұрасы – халық даналығы» атты әдеби кеш өтті

Бүгін Шымкент қаласындағы Орталық саябақта ұлы ақын, ағартушы, ойшыл, композитор, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай мұрасы – халық даналығы» атты әдеби кеш өтті. Бұл мерекелік іс-шара еліміздің барлық өңірінде бір мезетте ұйымдастырылды.
Шымкент қаласындағы кешке Шымкент қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқарма басшысының орынбасары Мөлдір Оңдасынова қатысып, көрермендерді Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойымен құттықтап, ақын мұрасының ұлттық руханияттағы маңызын атап өтті.
Іс-шара аясында “Яссы” би ансамблі, “Шымкент концерт” концерттік ұйымының өнерпаздары өнер көрсетіп, Абайдың әндері мен өлеңдерінен үзінділер орындады. Сонымен қатар, А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасының кітапханашылары мен орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесінің оқырмандары, көру қабілеті бұзылған балаларға арналған «Үміт» мектеп- интернатының 10 сынып оқушылары Абай шығармашылығынан өлеңдер оқып, «Абай әлемі» байқауының І кезең жеңімпаздары ақын шығармашылығына арналған әдеби көріністер қойды.
Белгілі айтыскер ақын Нұрлан Есенқұлов Абайға арналған арнау өлеңін оқып, кеш көрермендерінің ықыласына бөленді.
Шара барысында Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылды.
Әдеби кеш Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын дәріптеу, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру мақсатында өткізілді.
Шараға зиялы қауым өкілдері, БАҚ өкілдері және қала тұрғындары қатысты.
Абайдың мұрасы қазіргі заман талабына сай жас ұрпаққа рухани күш-жігер беріп, олардың мәдениетке деген қызығушылығын арттырады. Бұл кештер ұлы ақынның шығармашылығын кеңінен танытуға және жастарға өнегелі жол көрсетуде зор рөл атқарады.
Алдағы уақытта осы бағыттағы шаралар қаламызда дәстүрге айналып, түрлі оқу орындарында Абай шығармашылығын насихаттауға арналған кездесулер мен әдеби байқаулар өткізілуі жоспарлануда.

Төрт өңірдің тартысы: Шымкентте дәстүрлі спартакиада өтті

Алдыңғы

«Шымқала кештері»: театр мен өнер тоғысқан мәдени кеш

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *