Шымкент қаласында білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жаңа бейнебақылау жүйесі енгізілмек. ҚР Заңнамасына сәйкес, 100 адамнан астам шоғырланатын нысандар террористік тұрғыдан осал объектілер ретінде тіркеліп, олардың бейнебақылау жүйесі Жедел басқару орталығына тікелей қосылуға тиіс. Қазіргі таңда кейбір мектептерде бұл талап толық орындалмаған. Мәселен, камералар мектептің бір ғимаратында болса, екінші бөлігінде мүлдем жоқ. Мысалы, мектепте оқушының жарақаттану жағдайына байланысты бейнежазбалар болмағандықтан, кей жағдайда себебі анықталмайды. Бұл мәселелерді шешу мақсатында баспалдақ алаңдары сияқты мектептің таса «көлеңке» бөліктеріне де бейнебақылау камералары орнатылады.
Жобаны іске асырушы компания жыл соңына дейін шамамен 4,5 млрд теңге көлемінде инвестиция салуға тиіс. Жалпы 5,5 млрд теңге үш жылға бөлініп, сервистік қызмет негізінде ай сайын төленеді. Бұл соманы Шымкент қаласы мәслихаты бекітіп, биылғы жылғы қаржысы қарастырылған. Сонымен қатар, келісімшарт бойынша компания төртінші жылда тегін қызмет көрсетеді, одан бөлек бес жылға кепілдік береді. — деді ресми өкіл.
Жоба аясында жалпы саны 10 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылады. Ал қазіргі таңда мектептерде тұрған бейнекамералардың 2600-і – ескі, техникалық талаптарға сәйкес келмейтін аналогтық жүйелер. Аталған камералар толықтай жаңартылып, Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына шығуға бейімделеді.
Сәрсен Құранбек: «Камера орнату кезінде жеке тұлғалардың құқығы да ескерілуде. Мәселен, дәретханаларға камера орнатылмайды, өйткені бұл адамның жеке кеңістігіне қол сұғу болып саналады. Ал оқу кабинеттері – қоғамдық кеңістік, онда оқу процесі өтетіндіктен бақылау камераларымен жабдықталуы жеке басқа қол сұғуға жатпайды».
Бұл жоба мектептердің қауіпсіздігін арттырып, білім беру мекемелерінде құқық бұзушылықтардың алдын алуға көмектеседі. Сонымен қатар, бейнебақылау жүйелерінің жаңартылуы білім беру процесін одан әрі тиімді әрі қауіпсіз етуге мүмкіндік береді, бұл ұстаздар мен оқушылар үшін жайлы орта қалыптастыруға ықпал етеді.
Жаңартылған бейнебақылау жүйесі білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздікті жаңа деңгейге көтеріп, оқушылар мен мұғалімдер үшін сенімді орта қалыптастырады. Бұл бастама мектептердегі құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында тиімді шешім болып табылады.
Comments