Білім

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚАЛАЙ САБАҚ ӨТІП ЖАТҚАНЫ ОНЛАЙН БАҚЫЛАНАДЫ

Шымкент қаласында білім беру жүйесінде жаңа цифрлық бақылау жүйесі енгізілуде. «Барлық орнатылатын бейнебақылау камералары Hikvision зауытының өнімдері болып табылады. Жобаның сапасын арттыру үшін жабдықтаушы компаниядан тиісті сертификат талап етіледі. Елімізде осындай жоғары әлеуетке ие 6-7 компания анықталып, олардың ішінен біреуі мемлекеттік конкурс негізінде жеңімпаз атанды. Бұған дейін бір камераның құны 100 мың теңге бола тұра, оны 300 мың теңгеге жеткізгісі келген жағдайлар тіркелген. Мұндай негізсіз шығындардың алдын алу үшін мемлекеттік сатып алулар қатаң бақылауға алынды, — деді қала әкімінің орынбасары.

Жоба шеңберінде Жедел басқару орталығы, Әдістемелік орталық, дабыл жүйесі мен цифрлық инфрақұрылым толық интеграцияланып, біртұтас жүйе ретінде жұмыс істейтін болады. Бұл бағытта осы жүйені енгізген Алматы қаласы мен Атырау облысы сияқты Шымкент қаласы да алдыңғы қатарлы өңірлердің бірі болмақ.

«Жүйе толық іске қосылған жағдайда, мұғалімдердің оқу үдерісіндегі қызметін, оқу ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директоры және Білім басқармасына қарасты Әдістемелік орталықтың мамандары мен Білім басқармасының басшылығы онлайн режимде толықтай қадағалау, зерделеу жұмысын жүргізуге мүмкіндік алады. Бұл өз кезегінде оқу сапасын арттыруға ықпал етеді. Сондай-ақ, болашақта «Kundelik.kz» электрондық платформасы арқылы ата-аналарға да қолжетімділік берілуі мүмкін. Ата-аналар баласының сабаққа қатысуын, оқу үлгерімін және жалпы оқу процесінің өту барысын онлайн бақылап отыра алады. Бұл — ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты нығайтып, оқушылардың оқуына деген жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді», — деді Сәрсен Құранбек.

Қала әкімінің орынбасары бұл жүйе білім беру сапасын арттыруды көздейтін бақылауға негізделген үдеріс екенін жеткізді. Ақпараттық ашықтық пен басқарудың цифрлық мүмкіндіктерін тиімді пайдалану арқылы оқу орындарындағы тәртіп, тиімділік және нәтижелілік көрсеткіштерін жақсартуға жол ашылады. Бұл жүйенің іске асу процессі тиісті органдардың бақылауында екенін айтты.

Осы бастама арқылы оқу үдерісіне жаңа әрі тиімді бақылау әдістері енгізіледі, бұл өз кезегінде қала мектептеріндегі білім сапасының өсуіне оң әсерін тигізеді. Жобаның толық жүзеге асуы арқылы ата-аналар мен білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастық күшейеді, әрі оқу сапасы жоғары деңгейде сақталады.

ШЫМКЕНТ: ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ АЯЛДАМА АТАУЛАРЫН ДЫБЫСТЫҚ ХАБАРЛАУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛУДЕ

Алдыңғы

МЕКТЕПТЕРДЕ 10 МЫҢНАН АСТАМ БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *