Жаңалықтар

«АЙТЫЛДЫ – ОРЫНДАЛДЫ»: ТҰРҒЫННЫҢ ӨТІНІШІ НЕГІЗІНДЕ ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы, Рашидов көшесі №27 үйдің ауласындағы балалар ойын алаңшасы толықтай жаңартылып, заманауи әрі қауіпсіз күйге келтірілді. Бұл жұмыстар — тұрғын өтінішіне жауап ретінде жүзеге асқан нақты нәтижелі іс. Тұрғындар үшін бұл жаңарту — маңызды қадам әрі олардың талап-тілектерінің партия тарапынан дұрыс қаралатынын дәлелдейтін шынайы мысал.

Аталған үйдің тұрғыны, көпбалалы ана Сауле Утебаева «AMANAT» партиясының Әл-Фараби аудандық филиалы жанындағы Қоғамдық қабылдауға жүгініп, ойын алаңшасының ескіріп, балаларға қауіпті жағдайға жеткенін жеткізген болатын. Алаңшаның жағдайы шынымен де күннен-күнге нашарлап, балалардың қауіпсіздігіне зиян келтіруі мүмкін еді.

Тұрғынның өтінішін партия өкілдері дер кезінде назарға алып, Әл-Фараби аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ердаулет Жүнісбек бұл мәселені тиісті органдарға жолдап, нәтижесінде аудан әкімдігі тарапынан қолдау тауып, қысқа уақыт ішінде ойын алаңы қайта жаңартылды. Әкімдіктің бұл қолдауы, өз кезегінде, тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орнатудың маңызды бір үлгісі ретінде көрінді.

Алаңшаның жаңартылғанына қуанышын білдірген тұрғын Сауле Утебаева:
«Балаларымыз ойнайтын аула алаңы ескі әрі қауіпті еді. Қоғамдық қабылдауға жүгінген соң, мәселе тез арада шешімін тапты. Партия мен аудан әкімдігіне алғысым шексіз. Ең маңыздысы – балаларымыз енді қауіпсіз жерде ойнап жүр», – деді.

Бұл жоба «Айтылды – орындалды» қағидаты аясында атқарылып, «AMANAT» партиясының халық үніне құлақ асып, нақты әрекет ететінін тағы бір мәрте көрсетті. Сонымен қатар, бұл — тұрғындармен нәтижелі кері байланыстың айқын көрінісі. Партияның халыққа деген адал және шынайы ұстанымы, қоғамдық қабылдаулар мен өтініштердің шешімі тез әрі тиімді жүзеге асатынын дәлелдейді.

Жаңартылған алаңшаның құрылысы, партияның үнемі халықтың мұң-мұқтажын назарда ұстайтынын көрсетеді. Осы арқылы партия өзінің сөз бен істің арасында алшақтық болмайтындығын, тек нақты нәтижелерге бағытталған әрекеттерді жүзеге асыратынын бір дәлелдеп отыр.

ҚЫЗМЕТ ӨТКІНШІ — АБЫРОЙ МӘҢГІЛІК

Алдыңғы

Шымкент: «Дарбаза» полигонында бөлімшелердің жауынгерлік атыстары басталды

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *