Бүгін Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Кен баба саябағы аумағында сенбілік өтті. Аталған іс-шараға аудан әкімі аппаратының қызметкерлері мен «Әл-Фараби» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілдері қатысып, қураған ағаштар мен құрылыс қалдықтарын жинап, сондай-ақ жалпы аумақты тазалау жұмыстарын жүргізді.
Тазалық жұмыстарына 70-тен астам адам мен 5 арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде 7 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Бұл жұмыс қаламыздың көркеюіне және экологиялық жағдайын жақсартуға қосылған үлкен үлес болып табылады.
Құрметті Әл-Фараби ауданының тұрғындары!
Қаламыздың тазалығын сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Қоршаған ортаны ластамауға, тұрмыстық мәдениетті сақтауға және туған жеріміздің көркеюіне үлес қосуға шақырамыз! Бұл сенбілік пен экологиялық акциялар тек таза қала ғана емес, сонымен қатар азаматтық жауапкершілігіміздің айқын көрінісі. Тек бірлесіп жұмыс істей отырып, қаламызды әсем әрі таза етуге күш салайық!
«Таза Қазақстан» бағдарламасы ел көлемінде қоршаған ортаны қорғау және экологиялық жағдайды жақсарту бағытында іске асырылып жатыр. Бұл акция тұрғындар мен қоғамдық ұйымдарды бірлесе отырып, табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны жақсартуға үлес қосуға шақырады. Жыл сайын өтетін сенбіліктер мен экологиялық шаралар Шымкент қаласының экологиялық ахуалын жақсартуға, қала тұрғындарының тұрмыстық мәдениетін арттыруға және олардың табиғатқа деген жауапкершілігін күшейтуге бағытталған.
«Таза Қазақстан» акциясы — еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды бастама. Бұл акция аясында тұрғындар мен ұйымдар қалалар мен ауылдарды тазалау, қоқысты сұрыптау және қайта өңдеу жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар, халықты экологиялық жауапкершілікке тәрбиелеу, табиғатқа қамқорлық көрсету мақсатында түрлі флешмобтар мен ақпараттық шаралар ұйымдастырылады. Акцияның басты мақсаты — қоршаған ортаны қорғауға әрбір адамның жауапкершілігін арттыру, экологиялық сана мен мәдениетті қалыптастыру. Әрқайсымыз осы бастамаларға қатысып, таза және әдемі қала үшін үлес қосуға міндеттіміз!
Comments