Қоғам

Еңбекші ауданында санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстары бақылауда

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Д. Есілбек аудан аумағында санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстарын бақылау мақсатында жауапты сала мамандарымен бірге бірқатар көшелер мен қоғамдық аумақтарды аралады, деп хабарлайды «muzbalaq.kz» ақпарат агенттігі. Атап айтқанда, Жас Даурен шағынауданы, Бердіқожа батыр көшесі, Тәуке хан даңғылы және Алатау саябағы басты назарда болды.
Аудан әкімі аралау барысында көше мен аулалардың тазалығына, түнгі жарықтандыру жүйесінің жай-күйіне, жасыл аймақтарды күтіп ұстау және абаттандыру жұмыстарының сапасына ерекше назар аударды. Тұрғындар тарапынан көтеріліп жүрген кейбір мәселелер де назардан тыс қалмады. Әкімдік өкілдері тұрғындармен тілдесіп, олардың ұсыныс-тілектерін тыңдады.

Санитарлық тазалық – ауданның келбетін айқындайтын басты көрсеткіштердің бірі. Қалдықтарды уақтылы шығару, қоғамдық орындар мен көшелерді таза ұстау, көгалдарды суару мен күтіп баптау – күн тәртібінен түспейтін маңызды міндеттер қатарында. Әкім бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуді, тазалық мәдениетін қалыптастыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.
Түнгі жарықтандыру бойынша да бірқатар көшелер мен аулаларда ақаулы шамдардың бары анықталды. Аудан әкімі жауапты сала мамандарына жарық шамдарын жаңарту, қосымша жарық көздерін орнату, апатты жағдайлардың алдын алу бойынша нақты тапсырмалар берді. Түнгі уақытта көшелердің жарықтандырылуы тұрғындардың қауіпсіздігі үшін аса маңызды.
Абаттандыру жұмыстары – халықтың күнделікті демалысы мен тұрмыстық қолайлылығы үшін маңызды. Аралау барысында балалар ойын алаңшалары, демалыс орындары мен саябақтардағы инфрақұрылымның жағдайы тексеріліп, кемшіліктер бойынша жауапты тұлғаларға тапсырмалар жүктелді.
Әкімдік тарапынан анықталған барлық кемшіліктерді жою бойынша жұмыстардың мерзімі мен жауаптылары белгіленді. Аудан әкімдігі бұл бағыттағы бақылауды жүйелі түрде жүргізіп, халықтың өмір сүру сапасын арттыру жолындағы жұмыстарды жалғастыра беретін болады.
Таза, жарық әрі жайлы аудан – баршамыздың ортақ игілігіміз.
Аудан тұрғындарын да өз ауласын, көшесін таза ұстауға, абаттандыру жұмыстарына үлес қосуға шақырамыз. Тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана Еңбекші ауданын көркейтіп, қолайлы орта қалыптастыра аламыз.

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ ДАМУЫНА АРНАЛҒАН XII ӨҢІРЛІК АЗАМАТТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

Алдыңғы

20 шілде — Қазақстанда металлургтер күні

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *