Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ АТА ЗАҢНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА МЕРЕКЕЛІК ЖӘНЕ ТАНЫМДЫҚ ІС-ШАРАЛАР ӨТЕДІ

2025 жылы ҚР Конституциясына 30 жыл толуына орай Шымкент қаласында ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылуда. Осыған байланысты бүгін қала әкімінің аппарат басшысы Ержан Сейтеновтің төрағалығымен өткен жиында мерекелік іс-шаралар жоспары жан-жақты талқыланды.

«Ата Заң – Тәуелсіздік тірегі» ұлттық жоспары аясында әзірленген өңірлік бағдарлама құқықтық сауаттылықты арттыруға, мәдени іс-шаралар мен жастар бастамаларын қолдауға, сондай-ақ белсенді ақпараттық сүйемелдеуге бағытталған. Бұл бағдарлама, сонымен қатар, еліміздің құқықтық жүйесінің қалыптасу тарихы мен оның жетістіктерін көрсетуге ерекше көңіл бөледі.

Мерекелік бағдарлама 1 тамызда ҚХА жанындағы медиация кеңесінің Ашық есік күнімен басталады. 6–29 тамыз аралығында құқық қорғау органдарының өкілдерімен, жастармен, білім беру ұйымдары және мәдениет мекемелерінің қызметкерлерімен кездесулер, форумдар, дөңгелек үстелдер мен спорттық іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Бұл іс-шаралар қоғамның құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, тұрғындар арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған. Кітапханаларда танымдық сағаттар мен кітап көрмелері ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, отбасы қолдау және дағдарыс орталықтарында тұрғындарға тегін заңгерлік және психологиялық көмек көрсетіледі. Қала тұрғындары арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру мақсатында «TazaLike» және «Менің таза аулам» атты акциялар өтеді. Акциялар қоғамдық сананы жаңғыртуға, экологиялық жауапкершілікті арттыруға, сондай-ақ тұрғындардың бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын дамытуға үлес қосады.

Мерекеге орай зиялы қауым, қоғам және мәдениет қайраткерлерінің құттықтау челлендждері әлеуметтік желілер мен телеарналар арқылы ұсынылады. Бұл челлендждер еліміздің тарихы мен жетістіктерін кеңінен насихаттау, Конституцияның рөлін түсіндіру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Конституция күніне арналған басты мерекелік іс-шара Шымкенттегі «Қызғалдақ» сарайында өтеді. Сонымен қатар, қаланың бес ауданында мерекелік концерттер ұйымдастырылады. Шаралар қала тұрғындарын біріктіруге, патриоттық сезімін күшейтуге бағытталған.

ӘЛ-ФАРАБИ: КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Алдыңғы

СОТ ШЕШІМДЕРІНІҢ ОРЫНДАЛУ САПАСЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *