Жаңалықтар

Қала тұрғындарының сұранысымен Қызылжардағы су арнасы тазартылды

«AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесіне Қызылжар шағын ауданының тұрғындары өз алаңдаушылықтарын жеткізді. Шұбартау тұйығы көшесі бойымен өтетін ағын су арнасының ластануы мен қоқыстарға толуы жайында айтылды. Бұл жағдай тек қоршаған ортаға ғана емес, тұрғындардың денсаулығына да зиян тигізіп, санитарлық қауіп тудыруда. Тұрғындардың сөзінше, ұзақ уақыт бойы шешімін таппай келе жатқан бұл мәселе қазіргі таңда олардың күнделікті өміріне үлкен қолайсыздықтар туғызуда.

Абай аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Әбдез Рахманұлы тұрғындардың өтінішін жедел қабылдап, бұл мәселені аудан әкімдігіне жеткізу үшін тиісті шараларды қолға алды. Партия өкілдері мен аудан әкімдігі арасындағы тығыз қарым-қатынас арқасында Шұбартау тұйығы көшесіндегі ағын су арнасының тазартылуы үшін қажетті жұмыстар жедел түрде ұйымдастырылды.

Қала әкімдігі мен коммуналдық қызметтердің бірлескен күш-жігері арқасында каналдағы жиналған қоқыстар шығарылып, айнала ретке келтірілді. Тазартылған арна енді өзінің негізгі қызметін атқарып, ағын суды тиімді түрде өткізуге мүмкіндік беретін болды. Сонымен қатар, арнаның бойындағы экологиялық жағдай жақсарып, аумақтың санитарлық жағдайы да қалпына келді.

Бұл жұмыстарды көрген Қызылжар шағын ауданының тұрғындары үлкен ризашылықтарын білдірді. Олар ұзақ уақыт бойы қоршаған ортаның ластануы мен санитарлық қауіптен зардап шегіп келгендерін айтты. Тазартылған арна мен ретке келтірілген аумақ олардың өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартты. Тұрғындар мұндай шаралардың жиі өткізілуін, сондай-ақ басқа да ұқсас мәселелердің шешілуін тілейтіндерін білдірді.

«Жылдар бойы жиналып қалған қоқыстардың тазартылуы біз үшін үлкен көмек болды. Уақтылы әрекет етіп, мәселені шешуге ықпал еткендерге алғысымыз шексіз!» – деп тұрғындар алғыстарын білдірді. Бұл жоба партия мен жергілікті биліктің тиімді бірлескен жұмысының нәтижесі ретінде, алдағы уақытта да осындай мәселелерге назар аударылып, тұрғындардың өмір сапасын жақсарту мақсатында жұмыс жалғасатынын көрсетеді.

Жұмысшы топ құрылыс алаңында болып, жұмыстардың сапасын бақылады

Алдыңғы

Құрсай тұрғындарының ұсыныстары бойынша бірқатар мәселелер шешімін табуда

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *