Бизнес

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ІРІ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫНЫҢ БІРІ – «BETA INTERNATIONAL» ЖШС

Аталған кәсіпорын «Вета чай», «Чемпион» шайы және 3/1 форматындағы кофе секілді түрлі өнімдер шығарады. Өндірістік қуаттылығы – ай сайын 300 тоннадан астам өнім, ал тұрақты жұмыспен қамтылған қызметкерлер саны – 150 адам. Компания алдағы уақытта өнім түрлерін көбейтіп, өндіріс көлемін арта түсуді жоспарлап отыр.

Бұл кәсіпорын Шымкент қаласының агроөнеркәсіптік әлеуетін арттыруда, сондай-ақ ішкі нарықты қамту және экспорттық бағытты дамытуда маңызды рөл атқарып отыр. Қазіргі таңда компания Орталық Азия елдеріне экспорт көлемін арттыру мәселесін де қарастырып жатыр. Бұл өз кезегінде өңірлік экономиканың дамуына қосымша серпін берері сөзсіз.

«Beta International» – еліміздегі шай өнімдерін өндіру саласындағы жетекші кәсіпорындардың бірі. Сапаға басымдық беретін компания халықаралық стандарттарға сәйкес өндіріс технологияларын енгізіп, заманауи қаптама және сақтау жүйелерін пайдаланып келеді.

Сонымен бірге, қаланың кәсіпкерлік нысандары бірыңғай эскиз негізінде реттеледі. Қаланың сәулеттік келбетін жақсарту және кәсіпкерлік нысандардың сыртқы көрінісін бір үлгіге келтіру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Осыған орай, басқарма басшысы жауапты сала мамандарымен бірге Сайрам көшесі бойындағы кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, нысан алдындағы аумақты абаттандыру және сыртқы бөлігін заманауи талаптарға сәйкестендіру міндеттерін түсіндірді. Бұл жұмыстар бекітілген бірыңғай эскиз негізінде жүзеге асырылады. Кәсіпкерлер тарапынан да бұл бастама қолдау тауып отыр – бірқатары қасбеттерін жаңартып, көше бойын көгалдандыруға кіріскен.

Аталған шаралар қала келбетін көркейтуге, сәулеттік үйлесімділікті қамтамасыз етуге және жайлы қалалық орта қалыптастыруға бағытталған. Бүгінде қаланың орталық көшелеріндегі бірқатар кәсіпкерлік нысаны жаңа талаптарға сай келтірілді. Бұл тек эстетикалық жағынан ғана емес, халыққа жайлы жағдай жасау тұрғысынан да маңызды.

Айта кетейік, белгіленген талаптарды сақтамаған жағдайда ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 505-бабы негізінде жауапкершілік қарастырылған. Таза, үйлесімді әрі көрікті қала — бәріміздің ортақ жауапкершілігіміз!

Комфорт и безопасность: как развивается Аль-Фарабийский район

Алдыңғы

АЙТЫЛДЫ – ОРЫНДАЛДЫ: ГАЗ ҚОСУҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛІП ЖАТЫР

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *