Жаңалықтар

Әл-Фараби ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті

Бүгін Әл-Фараби ауданы аумағында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Сенбілікке аудандық әкімдік, қоғамдық ұйымдар, кәсіпкерлік нысандар, сондай-ақ әскери қалашықтың тұрғындары мен коммуналдық қызметкерлер белсенді түрде қатысты.

Іс-шара барысында тұрғындар өз аулаларын, әлеуметтік және кәсіпкерлік объектілердің маңайын тазалап, қоқыстарды жинады. Сондай-ақ, Сауле шағынауданында да кең көлемді сенбілік ұйымдастырылып, тұрғындар аумақты ретке келтіруге атсалысты. Барлығы 250-ден астам адам мен 11 арнайы техника жұмылдырылып, 15 тоннадан астам тұрмыстық қалдық шығарылды.

«Таза Қазақстан» акциясы — еліміздің барлық өңірлерінде экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған ауқымды жоба. Бұл шаралар санитарлық тазалау, көгалдандыру, балалар ойын алаңдарын жөндеу және экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталады. Оның басты мақсаты — таза және жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру, табиғатты қорғау арқылы халықтың денсаулығын сақтау.

Экологиялық тазалық тек қана ұжымдық емес, әрбір азаматтың жеке жауапкершілігі екенін атап өткен жөн. Табиғатты қорғау арқылы біз өзіміздің және келешек ұрпақтың денсаулығын қамтамасыз етеміз, табиғи ресурстарды тиімді пайдаланамыз. Таза орта туризмді дамытуға септігін тигізіп, қала мен елдің имиджін көтереді.

Шымкент қаласында акция аясында бірнеше бағыт бойынша жұмыстар жүргізілді. «Таза аула» жобасы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын тазалап, балалар алаңдарын жөндеуді қамтыды. «Таза көше» аясында қала көшелері, арықтар мен су жолдары қоқыстан тазартылады. Сонымен қатар, «Таза жағалау» бағдарламасы бойынша Қошқарата өзенінің жағалауы қоқыстан тазартылып, абаттандырылды. Жастардың қатысуымен «Жасыл ел» қозғалысы аясында ағаш отырғызу және экологиялық ағарту жұмыстары жүргізілді.

Әл-Фараби ауданындағы бұл шаралар тұрғындар арасында экологиялық сананы арттыруға, қоршаған ортаны таза ұстау мәдениетін қалыптастыруға септігін тигізуде. Мұндай ұжымдық жұмыстар қаламыздың экологиялық ахуалын жақсартуға зор үлес қосуда.

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Табиғатты аялау – әрқайсымыздың міндетіміз. Таза әрі көрікті орта — бәрімізге ортақ жауапкершілік. Сондықтан қоршаған ортаны таза ұстап, қаламызды гүлдендіріп, жасыл желекке бөлейік!

ШЫМКЕНТ: 16-ШЫ ШАҒЫНАУДАНДА ЖАҢА АШЫҚ СПОРТ АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Алдыңғы

Жұмысшы топ құрылыс алаңында болып, жұмыстардың сапасын бақылады

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *