Қазіргі таңда Шымкент қаласының тұрғындарынан қоғамдық көлікке қатысты қосымша маршруттар енгізу, автобустар жетіспеушілігі мен олардың қозғалыс тәртібі туралы көптеген өтініштер түсуде.
Қала аумағында тұрғын үй кешендері мен өндірістік аймақтардың қарқынды дамуына байланысты, 2020 жылы бекітілген қоғамдық көлік схемасын қайта қарау қажеттілігі туындап отыр. Осыған сәйкес, 2025 жылы жаңа кешенді схема әзірлеу қолға алынды.
2025 жылғы 25 маусымда арнайы комиссия бірінші кезең бойынша ұсынылған есепті қарап, оны толықтыру туралы ұсыныстар енгізді. Қазіргі таңда техникалық сипаттаманың екінші кезеңі — қолданыстағы жағдайды бағалау және «тұйық» нүктелерді анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жаңа маршруттық желіні әзірлеу кезінде мынадай факторлар ескеріледі:
Қала тұрғындарын толық қамту;
Жолаушылар ағынының тығыздығы;
Жолдардың жай-күйі;
Қозғалыс қауіпсіздігі.
Сонымен қатар, қозғалыс сызбаларын жаңарту және автобустар санын арттыру мәселелері де қарастырылуда.
Comments