АймақҚоғам

САЙРАМ АУДАНЫНДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫНА ОРАЙ ЖӘРМЕҢКЕ ӨТТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялап, ел экономикасының іргесін көтеріп тұрған еңбек адамын қолдауға ерекше басымдық берді. Осы бастаманы жүзеге асыру аясында ауданда кең көлемді бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Ауқымды шара барысында 700-ден астам жұмыс орны ұсынылып, кәсіби білім алып жатқан жастар мен тәжірибелі мамандарға жаңа мүмкіндіктер жолы ашылды.
Жәрмеңкеде Сайрам ауданының әкімі Арман Сабитов жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы рөлін ерекше атап өтіп, түрлі кәсіп бағыттарымен және техникалық білім беру ұйымдарының ұсынған көрмелерімен танысты. Қатысушылар үшін бұл – тек жұмыс іздеу алаңы ғана емес, өз мамандығын қадір тұтып, кәсіби дамуға серпін беретін орта болды.
Аудан басшысы Арман Сабитов: Бұл бастама – еңбек адамына деген құрметті арттырып, жұмысшы кәсіптерінің қоғамдағы беделін көтеруге бағытталған маңызды қадам. Ел экономикасының ілгерілеуі мен тұрақты дамуы – адал еңбек етіп жүрген мамандардың үлесімен тығыз байланысты. Осы жылы жастарды кәсіптік білімге баулу, еңбекке деген ынтасын ояту, қарапайым маман иелеріне деген қоғамдық көзқарасты жақсарту басты назарда болмақ. – деп атап өтті.

ЖАСӨСПІРІМДЕР ДЕНСАУЛЫҒЫ — ҚОҒАМ НАЗАРЫНДА

Алдыңғы

Түркістан облысында 100-ге тарта полицей марапатталды

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *