Қоғам

СОЗАҚТА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша жиын өтті.
Жиында аудан басшысы кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтарын қорғау және салауатты өмір сүру жағдайларын қалыптастырудың маңыздылығына тоқталып, бұл бағытта мемлекеттік органдар мен ата-аналардың бірлескен жұмысының аса қажет екенін атап өтті.
Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Созақ аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Нұрәділ Ерман кәмелетке толмағандар арасында ағымдағы жылдың бес айында орын алған құқықбұзушылықтар мен алдын алу шаралары туралы баяндады.
Созақ аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Нұрлан Бердімұратов кәмелетке толмағандар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу жұмыстарының барысына тоқталып, Созақ аудандық білім бөлімінің басшысы Абай Өтебаев өмірлік қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандардың әлеуметтік оңалту мәселелері жөнінде хабарлама жасады.
Жиын қорытындысында аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы тиісті мекемелерге бірқатар тапсырма берді. Атап айтқанда, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы шараларды жүйелі түрде жүргізу, ерте жүктіліктің алдын алу бойынша ата-аналар мен білім беру ұйымдары арасындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, қиын өмірлік жағдайға тап болған жасөспірімдерді әлеуметтік оңалтумен қамтуды ұйымдастыру және аудандық комиссия мен мүдделі құрылымдардың өзара іс-қимылын жақсарту керектігін ескертті.
Жиынға аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауылдық округтер мен кент әкімдері және бюджеттік мекеме басшылары қатысты.

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Алдыңғы

БӘЙДІБЕК: ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ИДЕОЛОГИЯСЫН ІЛГЕРІЛЕТУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *