Бүгін Созақ ауданында «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдама» аясында форум өтті.
Шараны аудан әкімінің орынбасары Алтын Кунтуқызы ашып, жүргізіп отырды. Кездесудің басты мақсаты -құқықтық мәдениетті арттырып, тұрғындарға заңнамалық түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы азаматтардың заңға деген құрметін күшейтуге және тәртіпті сақтау мен құқықбұзушылықтың алдын алу.
Мобильді топ құрамында Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп тексеру департаментінің офицері Мұхаммедали Аханұлы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Сотқа дейінгі тергеу басқармасының АМІЖ тергеушісі Нұрбақыт Нысанбайұлы, Түркістан облысы ПД ЖПҚБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция подполковнигі Мухтар Беркимбаевич және Созақ ауданы прокурорының орынбасары Нұрсұлтан Талғатұлы болды.
Кездесуде алғаш сөз алған Нысанбек Мұхаммедали интернет алаяқтықтың бүгінгі таңда қоғам үшін өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті. Ол азаматтарды бейтаныс сілтемелерге өтпеуге, өз жеке деректерін күмәнді тұлғаларға бермеуге, әсіресе қаржылық операцияларға сақтықпен қарауға шақырды. Сонымен қатар соңғы уақытта кең таралған «дроппер» деген алаяқтық схемасы туралы кеңінен түсіндіріп, бұл жүйеге қалай алданбауға болатынын нақты мысалдармен жеткізді.
Comments