Қоғам

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ АУЫЛ ӘКІМДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Сауран ауданы әкімі аппаратының басшысы, аудандық Әдеп жөніндегі уәкіл Бекзат Абубакиров ауылдық округ әкімдерімен кездесу өткізіп, Әдеп кодексінің жаңа талаптары мен мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мәдениетін сақтау мәселелерін түсіндірді.
Жиын барысында мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен қарым-қатынаста жоғары мәдениеттілік, әдептілік және құрмет қағидаттарын ұстануы қажеттігі атап өтілді. Сондай-ақ, дөрекілік, өрескелдік және әдепсіздікке мүлдем жол бермеу, қызметтік міндеттерді орындау кезінде әділдік пен ашықтыққа басымдық беру маңызды екені айтылды.
Әкімдерге іскерлік қатынас мәдениетін сақтау, әр іс-әрекетімен мемлекеттік органның беделіне нұқсан келтірмеу қажеттігі түсіндірілді. Кездесуде Әдеп кодексінде көрсетілген мемлекеттік қызметшілердің адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық және тұтынушыға бағдарлану қағидаттарына ерекше тоқталып, олардың іс жүзінде толық сақталуының маңыздылығы айтылды.
Мемлекеттік қызметшілерге жоғары кәсіби мәдениет пен әдеп нормаларын сақтау әрбір мемлекеттік органның беделін арттыруға тікелей ықпал ететіні ескертілді.

КӨП ЖЫЛДЫҚ ТӘЖІРИБЕСІМЕН ТАНЫЛҒАН КӘСІБИ НЕОНАТОЛОГ

Алдыңғы

КЕЛЕС: МЕМЛЕКЕТТІК ТАПСЫРЫСТА АДАЛДЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *