Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент кентінде терроризмге қарсы күрес жөніндегі Мақтаарал аудандық жедел штабымен, жедел-тактикалық жаттығу өткізу жоспарлануда.
Оқу-жаттығу шаралары барысында терроризм тұрғысынан осал объектілерде терроризм актілерінің түрлі сценарийлеріне жедел жауап қайтару мәселелері қарастырылады.
Осыған байланысты, азаматтарды жүргізіліп жатқан іс-шараларға автокөлік пен халықтың қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарауға шақырамыз.
Қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын бұзбайтай орындауды, сонымен қатар тек ресми ақпаратты басшылыққа алып, жалған мәліметтердің таралуына жол бермеулеріңізді сұраймыз.
Comments