Қоғам

САРЫАҒАШ: «XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» АТТЫ ФОРУМ ӨТТІ

Мемлекет басшысының “Заң және тәртіп” қағидасын халық арасында кеңінен түсіндіру, сондай-ақ тұрғындардың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бүгін Сарыағаш ауданында Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен «XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» атты форум өтті.
Форумға құқық қорғау және қадағалау органдарының өкілдері, мемлекеттік органдар мен білім беру мекемелері,қаржы саласының мамандары мен сарапшылар, БАҚ өкілдері және аудан тұрғындары қатысты. Іс-шара барысында қаржы саласындағы заманауи қауіптер, экономикалық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл шаралары, цифрлық экономикадағы қауіпсіздік, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету жолдары, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мәселелері жан-жақты талқыланды.
Сарапшылар мен мамандар қазіргі экономикалық ахуалдағы сын-қатерлерді, алаяқтық схемаларды, қаржылық манипуляцияларды және оларға қарсы тұру тәсілдерін атап өтіп, қатысушылармен ашық диалог форматында пікір алмасты.
Форум қорытындысы бойынша қатысушылар қаржылық қауіпсіздікті арттыру және қоғам арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытында бірлесіп жұмыс істеу қажеттігін атап өтті.

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚОҒАМ ТІРЕГІ

Алдыңғы

МАҚТААРАЛДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *