Қоғам

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.
Бұл ретте, Әдеп жөніндегі кеңес отырысында, Сарыағаш аудандық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысына қатысты әдеп кодексі талаптары сақталмағаны анықталған.
Осыған орай, Әдеп жөніндегі кеңес шешімімен Сарыағаш аудандық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысына «сөгіс» түріндегі тәртіптік шара қолдану ұсынылды.
Шардара, Отырар аудандарының Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің басшылары құрылыс нысандарын сатып алу барысында мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны анықталып, Әдеп жөніндегі кеңес шешімімен «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік шара қолдану ұсынылды.
Бұдан бөлек, мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бағытында Түркістан облысы бойынша Экология департаменті, Түркістан облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, Түркістан облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы және Қоғамдық даму басқармасы басшыларының есептері тыңдалды.
Нәтижесінде, Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы А. Наурызбаев мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстарының жүргізілуін ұйымдастыруды тапсырды.
Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің нәтижелері туралы Жетісай, Келес ауданы әкімі аппаратының басшылары, Әдеп жөніндегі уәкілдерінің және Тәртіптік практиканы талдау қорытындылары негізінде тәртіптік комиссиясының жұмыс нәтижелерін қарау туралы Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының басшысының есептері тыңдалып, мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы бұзушылықты болдырмау, тәртіптік шара қолдану барысында заңнама талаптарын сақтау, мемлекеттік қызметтегі шектеулерді түсіндіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізу тапсырылды.

АНТЫНА АДАЛ АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАН

Алдыңғы

ТҮРКІСТАНДА АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ЕШКІЛЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӨРМЕСІ ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *