Заң

Түркістан облысында полиция киберқылмыстың алдын алу бойынша кездесу өткізді

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының тапсырмасы бойынша Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу және сақтық шаралары туралы халықты ақпараттандыру мақсатында кездесу өткізді. Оған Төтенше жағдайлар департаментінің 150 қызметкері қатысты.
Басқосу барысында тәртіп сақшылары интернет-алаяқтықтың кең таралған схемалары туралы айтып, алаяқтардың тұзағына түспеуге көмектесетін жеке ақпаратты қорғау бойынша практикалық кеңестерімен бөлісті. Күдікті сілтемелерге мұқият болуға, банк кәртішкелерінің деректері мен кодтарын бөгде адамдарға бермеуге шақырды.
Полицейлер атап өткендей, интернет-алаяқтықтан қорғау әдістері туралы мұндай ақпараттандыру шараларын өткізу — қауіпсіздік кепілі. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасатын болады.

ПОЛИЦИЯ ПОДПОЛКОВНИГІ – ЖҰПАРГҮЛ ДИНАСТИЯЛЫҚ ОТБАСЫНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

Алдыңғы

Ұстаздықпен өрілген өнегелі жол

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *